Мұхтар Шаханов (Құлпытас кепиеті немесе кері тебу заңы)
I
"Досым Федор, Мына хат - соңғы хатым.
Соңғы тыныс, Соңғы дем қалды жақын.
Жайшылықта айырмас ақ, қараны
Сыпсың сөздер бір сәтке тоқталады.
Тоз-тоз болған ағайын басын қосып,
Ертең мені жерлеуге ап барады.
Намыстыны өлімім ойландырсын,
Босқа төккен қалың жұрт қайран күшін.
Мені жерлеу арқылы өз ұлтының
Бір үмітін көмерін қайдан білсін?
Табылар-аудан кімнің жоқшылары,
Жалған жылау,
Жалған мұң кетсін әрі.
Бұл хат саған жеткенше, досым Федор,
Қабірімнің үстіне шөп шығады.
Қажет кезде кергитін шабандана,
Өкпем таудай заңға да, заманға да.
Мен де өзіңе іңкәр ем елден ерек,
Соңғы демім арналсын саған ғана.
Мынау жалпақ әлемде өзендер бар:
Төсінен самғатып ақ қанат шағалаларын,
Мойындамайтын шектелу, шекара заңын,
Бір елден бір елге кесіп өтетін,
Байлығын сан ел несіп ететін,
Еркіне бағындыра алмай,
Табындыра алмай,
Есер күш иелерінің есі кететін.
Кер бұлаң тірлік кері тартып арытқанменен,
Кер қабақ мінез танытқанменен не түрлі,
Ғаламға қарайтын толық күш толыққанменен
Ойнауға болмайды алыптарменен,
Ұлы адамдар ұлы өзендер секілді.
Ұлы өзенім.
Кім бар саған тең келер,
Толқыныңды терең тартып шалқыдың!
Тереңінде жүзе алмаса пенделер,
Онда сенің кінәң қанша, жарқыным?!
Мейлі, ол да арыныңды тежемес,
Айналаңда қызғаныштан тор құрар.
Дарынының әлсіздігін өзі емес,
Өзгелерден көретұғын сорлылар.
Қай кезде де шын достықтың парқы - ұлы.
Тиісті оған әркім басын июге.
Бір адамды, шексіз сүю арқылы
Болады екен бүкіл ұлтты сүюге.
Ерте ояндым, Ерте күлдім,
Құштар едім өзіңмен бір гүлдеуге.
Бірақ, әттең, келте өмірім
Келмей қалды күрмеуге..."
Матай тауын көлегейлеп
Ай қарады албырап,
Қандай кәусар,
Қандай бейқам таңғы уақ,
Жұлдыздар тұр бір сұмдықты сезінгендей қалтырап.
Таңғы ауамен алып соңғы тынысын,
Шоқан мәңгі көзін жұмды...
Аяқталмай қалды хат.
Қырын келген ол ма, әлде ғасыр ма.
Уыз шақта,
Жиырма тоғыз жасында
Шоқан солай екінші өмір бастады.
Ең айдарлы жұлдызынан айырылды
Аңқау қазақ аспаны.
Жылдар озды,
Ескі тозды,
Көнерді,
Озған асылдар көнерте алмас өнерді.
Бір кез Омбы түрмесінің тұтқыны
Федор даңқы шарлап кетті әлемді.
Шоқан жатқан Алтынемел төсі де
Талай-талай той-думанға бөленді...
Осыменен бітіруге болушы еді өлеңді,
Уақыт қанша жасырғанмен өлмеген
Бір оқиға кездеспесе көлденең:
Жай үңілсең көрінбейтін астары,
Ол оқиға-тағдыр, тағылым дастаны.
Көп жыл бойы Шоқанның
Бір топ жақын достары
Ұлы адамның ұлы рухын азалап,
Қайта-қайта ұлықтарды мазалап,
Сонау Ташкент қаласынан алдыртып,
Қырат үстін балға үнімен жаңғыртып,
Мәрмәр тастан белгі орнатты басына,
"Достан — дұға" осы да.
Ізетті іске ізетсіздік жармасты,
Ардан жұрдай бір безбүйрек албасты
Ұрланып кіріп молаға,
Екіге бөліп,
Қол диірмен жасап сол тасты,
Сатпақшы бопты қалаға.
Құныққан деген жаман, ә?!
Нені ұқсын сорлы есалаң кезде,
Тағдырдың өзі салыпты оған қармақты,
Мәрмәрды бұзып қашаған кезде
Көзіне тастың ұнтағы тиіп зарлапты.
Таңменен таңға кірпігін қақпай
Дөңбекшіп,
Тулап,
Бір тыным таппай,
Жасаған емі қонбапты.
Қанталақ көзі қабынып ісіп,
Артынша жерді қармапты.
Нақ сол жылы көктемде
Матай тауы маңындағы көк белге
Қонып ұшқан сыңар аққу
Петрбордың төбесінен өткенде,
Әлгі аққудың мұңлы әніндей
Мұңлы хабар Федордың
Құлағына жеткенде:
- Шапағатқа суарылған сүйегі
Дос сезімде қасиет бар киелі.
Киеліге қол көтерген жолығады бөгетке,
Сауап бопты ойсыз, арсыз төбетке, -
депті ұлы адам бойын дүлей ыза буып, қасарып,
Досын аңсап, жанарына жас алып...
Тіршіліктің иірімі неге мұнша көп еді,
Арын өлсе, тәнің қатар өледі!
Бір қасиет бар әлемде қаққан жұмбақ қанатын,
Артық кетсең, қатал қолмен тәубәңді еске салатын.
Әрбір оғаш қылығыңды ұмытпаған, кешпеген,
Ол - табиғат заңдылығы, ғылым әлі шешпеген.
Сәл көңіліме желік енсе, қасиетті сол заңға
Қайшы келіп қалам ба деп сескенем.
Ғұмырымыз сан үміттен тұрады,
Сан күдіктен тұрады екен, тәңір-ау.
Кімнің қанша керең болса құлағы,
Секілді оған бүкіл дүние саңырау.
Өмір шіркін кейде жомарт қолменен
Сараңдардың шайына сүт қатады.
Кейде қызық, тұлпар жүрген жолменен
Есектер де кетіп бара жатады.
Мұның өзі жомарттыққа сыя ма,
Қыран неге тартады өзін төменге?
Намыстанам, бүркіт ұшқан қияда
Жапалақтың ұясы бар дегенге.
Бақыттылар салған әнді ертемен
Тұрам тыңдап, мен қашанда ояумын.
Жапалақтар ұя салған өлкеден
Сенің даусың естілмесін, аяулым.
"Досым Федор, Мына хат - соңғы хатым.
Соңғы тыныс, Соңғы дем қалды жақын.
Жайшылықта айырмас ақ, қараны
Сыпсың сөздер бір сәтке тоқталады.
Тоз-тоз болған ағайын басын қосып,
Ертең мені жерлеуге ап барады.
Намыстыны өлімім ойландырсын,
Босқа төккен қалың жұрт қайран күшін.
Мені жерлеу арқылы өз ұлтының
Бір үмітін көмерін қайдан білсін?
Табылар-аудан кімнің жоқшылары,
Жалған жылау,
Жалған мұң кетсін әрі.
Бұл хат саған жеткенше, досым Федор,
Қабірімнің үстіне шөп шығады.
Қажет кезде кергитін шабандана,
Өкпем таудай заңға да, заманға да.
Мен де өзіңе іңкәр ем елден ерек,
Соңғы демім арналсын саған ғана.
Мынау жалпақ әлемде өзендер бар:
Төсінен самғатып ақ қанат шағалаларын,
Мойындамайтын шектелу, шекара заңын,
Бір елден бір елге кесіп өтетін,
Байлығын сан ел несіп ететін,
Еркіне бағындыра алмай,
Табындыра алмай,
Есер күш иелерінің есі кететін.
Кер бұлаң тірлік кері тартып арытқанменен,
Кер қабақ мінез танытқанменен не түрлі,
Ғаламға қарайтын толық күш толыққанменен
Ойнауға болмайды алыптарменен,
Ұлы адамдар ұлы өзендер секілді.
Ұлы өзенім.
Кім бар саған тең келер,
Толқыныңды терең тартып шалқыдың!
Тереңінде жүзе алмаса пенделер,
Онда сенің кінәң қанша, жарқыным?!
Мейлі, ол да арыныңды тежемес,
Айналаңда қызғаныштан тор құрар.
Дарынының әлсіздігін өзі емес,
Өзгелерден көретұғын сорлылар.
Қай кезде де шын достықтың парқы - ұлы.
Тиісті оған әркім басын июге.
Бір адамды, шексіз сүю арқылы
Болады екен бүкіл ұлтты сүюге.
Ерте ояндым, Ерте күлдім,
Құштар едім өзіңмен бір гүлдеуге.
Бірақ, әттең, келте өмірім
Келмей қалды күрмеуге..."
Матай тауын көлегейлеп
Ай қарады албырап,
Қандай кәусар,
Қандай бейқам таңғы уақ,
Жұлдыздар тұр бір сұмдықты сезінгендей қалтырап.
Таңғы ауамен алып соңғы тынысын,
Шоқан мәңгі көзін жұмды...
Аяқталмай қалды хат.
Қырын келген ол ма, әлде ғасыр ма.
Уыз шақта,
Жиырма тоғыз жасында
Шоқан солай екінші өмір бастады.
Ең айдарлы жұлдызынан айырылды
Аңқау қазақ аспаны.
Жылдар озды,
Ескі тозды,
Көнерді,
Озған асылдар көнерте алмас өнерді.
Бір кез Омбы түрмесінің тұтқыны
Федор даңқы шарлап кетті әлемді.
Шоқан жатқан Алтынемел төсі де
Талай-талай той-думанға бөленді...
Осыменен бітіруге болушы еді өлеңді,
Уақыт қанша жасырғанмен өлмеген
Бір оқиға кездеспесе көлденең:
Жай үңілсең көрінбейтін астары,
Ол оқиға-тағдыр, тағылым дастаны.
Көп жыл бойы Шоқанның
Бір топ жақын достары
Ұлы адамның ұлы рухын азалап,
Қайта-қайта ұлықтарды мазалап,
Сонау Ташкент қаласынан алдыртып,
Қырат үстін балға үнімен жаңғыртып,
Мәрмәр тастан белгі орнатты басына,
"Достан — дұға" осы да.
Ізетті іске ізетсіздік жармасты,
Ардан жұрдай бір безбүйрек албасты
Ұрланып кіріп молаға,
Екіге бөліп,
Қол диірмен жасап сол тасты,
Сатпақшы бопты қалаға.
Құныққан деген жаман, ә?!
Нені ұқсын сорлы есалаң кезде,
Тағдырдың өзі салыпты оған қармақты,
Мәрмәрды бұзып қашаған кезде
Көзіне тастың ұнтағы тиіп зарлапты.
Таңменен таңға кірпігін қақпай
Дөңбекшіп,
Тулап,
Бір тыным таппай,
Жасаған емі қонбапты.
Қанталақ көзі қабынып ісіп,
Артынша жерді қармапты.
Нақ сол жылы көктемде
Матай тауы маңындағы көк белге
Қонып ұшқан сыңар аққу
Петрбордың төбесінен өткенде,
Әлгі аққудың мұңлы әніндей
Мұңлы хабар Федордың
Құлағына жеткенде:
- Шапағатқа суарылған сүйегі
Дос сезімде қасиет бар киелі.
Киеліге қол көтерген жолығады бөгетке,
Сауап бопты ойсыз, арсыз төбетке, -
депті ұлы адам бойын дүлей ыза буып, қасарып,
Досын аңсап, жанарына жас алып...
II
Тіршіліктің иірімі неге мұнша көп еді,
Арын өлсе, тәнің қатар өледі!
Бір қасиет бар әлемде қаққан жұмбақ қанатын,
Артық кетсең, қатал қолмен тәубәңді еске салатын.
Әрбір оғаш қылығыңды ұмытпаған, кешпеген,
Ол - табиғат заңдылығы, ғылым әлі шешпеген.
Сәл көңіліме желік енсе, қасиетті сол заңға
Қайшы келіп қалам ба деп сескенем.
* * *
Ғұмырымыз сан үміттен тұрады,
Сан күдіктен тұрады екен, тәңір-ау.
Кімнің қанша керең болса құлағы,
Секілді оған бүкіл дүние саңырау.
Өмір шіркін кейде жомарт қолменен
Сараңдардың шайына сүт қатады.
Кейде қызық, тұлпар жүрген жолменен
Есектер де кетіп бара жатады.
Мұның өзі жомарттыққа сыя ма,
Қыран неге тартады өзін төменге?
Намыстанам, бүркіт ұшқан қияда
Жапалақтың ұясы бар дегенге.
Бақыттылар салған әнді ертемен
Тұрам тыңдап, мен қашанда ояумын.
Жапалақтар ұя салған өлкеден
Сенің даусың естілмесін, аяулым.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: стихи Құлпытас кепиеті немесе кері тебу заңы мухтар шаханов на казахском языке, Мұхтар Шаханов Қазақша өлең, казакша олен Мұхтар Шаханов, стихи Мұхтар Шаханов на казахском языке, мухтар шаханов казакша олен, Мұхтар Шаханов өлеңдері, мұхтар шаханов өлең стихи на казахском языке мухтар шаханов казакша олен, мұхтар шаханов өлеңдері сайты, стихи на казахском языке мухтар шаханов, мухтар шаханов казакша олендер, Құлпытас кепиеті немесе кері тебу заңы, мұхтар шаханов Құлпытас кепиеті немесе кері тебу заңы өлең стихи на казахском языке мухтар шаханов казакша олен