file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мақпал Мыса (Үміттің үр көйлегін киіп келдім...)

 Мақпал Мыса (Үміттің үр көйлегін киіп келдім...)

Көңілім көктемдегі көлге ұқсаған,
Ел мынау ажыраған шер құсадан.
Іленің гүлтолқынын ілестіріп,
Өзіңе жеттім, бүгін Ертіс – Анам!

Бұйырса тіршіліктің татар дәмі,
Сөз берер ақын қызға қатарлары.
Өзіңе жеттім, бүгін, Ертіс Баян,
Мәшһүрдей бабамыздан бата алғалы.

Жерім бар Маралдының жайлауындай,
Жұртымның тарқамайтын тойларындай.
Қара Ертіс Сұлтанмахмұт арманы мен
Қаныштың толқын-толқын ойларындай.

Дүние тұрмас дәйім бетін беріп,
Елікпіз жүрген желдің өтінде өріп.
Күндердің толқынында толқып жатыр
Қара Ертіс қара шашым секілденіп.

Баянтау бауырында жыршы қайың,
Мен саған бүгін жетіп нұр сұрайын.
Тәу еткен топырағыңа бір қызыңмын,
Ақбеттау, биігіңе бір шығайын!

Келеді асылыңды жиып тергім,
Сарыарқа!
Саған жетсем биіктермін.
Мен бүгін ұлылардың мекеніне
Үміттің үр көйлегін киіп келдім!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру