Мақпал Мыса (Күзгі қала...)
Кейде мені батырып дала мұңға,
Жалқын сәуле ойнайды жанарымда.
Менің жастық ғұмырым барады өтіп,
Оқылмаған кітаптың парағында.
Табыла ма,
білмеймін іздегенім,
Қабағынан күндердің сыз көремін.
Қара жауын құйып тұр кеше,
...бүгін
Көктемнен соң ұқтырып күз келерін...
Үлгердім бе көп іске,
Үлгермедім,
Барқыт белдің термедім бүлдіргенін.
Ақ пен қара айтысы секілденген
Өмір деген осы екен бір білгенім...
Ғайбаттасақ батармыз біз күнәға,
Күрсінетін секілді күзгі қала.
Дүрмегі көп дүрбелең дүниеде
Жаным менің іздейді Сізді ғана...
Жалқын сәуле ойнайды жанарымда.
Менің жастық ғұмырым барады өтіп,
Оқылмаған кітаптың парағында.
Табыла ма,
білмеймін іздегенім,
Қабағынан күндердің сыз көремін.
Қара жауын құйып тұр кеше,
...бүгін
Көктемнен соң ұқтырып күз келерін...
Үлгердім бе көп іске,
Үлгермедім,
Барқыт белдің термедім бүлдіргенін.
Ақ пен қара айтысы секілденген
Өмір деген осы екен бір білгенім...
Ғайбаттасақ батармыз біз күнәға,
Күрсінетін секілді күзгі қала.
Дүрмегі көп дүрбелең дүниеде
Жаным менің іздейді Сізді ғана...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мақпал мыса Күзгі қала... өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Күзгі қала...