Ақерке Асан (Қара күз)

 Ақерке Асан (Қара күз)

Жұтылған соң жалғанға,
Сұрамайық кешірім.
Қызыл шапақ қонғанда,
Кездесерміз кешқұрым.

Кездесерміз...қарсы алар -
Бізді күткен қара күз.
Мұңаймасын аршалар
Қол ұстасып барармыз!

Сезімсіздік қам құрған-
Мұңлы сыңсу арамыз.
Ақын жігіт қалдырған-
Жүрегімде қара күз...

Жанарыңда жыр тұндым,
Сен де жалғыз, мен - жалғыз.
Неге жүрек бұлқындың?!
Қаралы күн - қара күз.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру