Құралай Омар (Жеткізбей арманыма іркеді күн....)

 Құралай Омар (Жеткізбей арманыма іркеді күн....)

Жеткізбей арманыма іркеді күн,
Сағыныш торлап жанды, бүркеді мұң.
Жанарым мөлдір тамшы төккенінде
Жүрегін орамал қып сүртеді кім...

Сөздерің сенің ғана жылытады,
Көңілдің өзіңе аян сыры тағы.
Күнтізбе бетін санап отырамын,
Жылжымай ол да дымды құрытады.

Сергелдеңге салады күнім, түнім.
Уысында уақыттың үгітілдім.
Күтуден талып кетті қарашығым,
Көзінен өпші келіп үмітімнің.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру