Құралай Омар (Дәрменсіздің бірі мен....)

Дәрменсіздің бірі мен,
Жан өксиді дәмесіз.
Бұрынғыдай сағыныштың тілімен
Хат жазбайсыз және сіз.
Күңгірт бөлме, тек жалғыздық қасымда,
Жүрегімді түтеді кеп түбіттей.
Алыстадық. Хабарымыз расында
Үзілді ме үміттей?
Күн өтеді еңсені езіп зілдей мұң,
Сорлы сезім мөлтілдейді ішімде.
Түнге неге асығамын, білмеймін.
Өзіңізді көрем әлде түсімде...
Жан өксиді дәмесіз.
Бұрынғыдай сағыныштың тілімен
Хат жазбайсыз және сіз.
Күңгірт бөлме, тек жалғыздық қасымда,
Жүрегімді түтеді кеп түбіттей.
Алыстадық. Хабарымыз расында
Үзілді ме үміттей?
Күн өтеді еңсені езіп зілдей мұң,
Сорлы сезім мөлтілдейді ішімде.
Түнге неге асығамын, білмеймін.
Өзіңізді көрем әлде түсімде...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: құралай омар Дәрменсіздің бірі мен өлең стихи на казахском языке куралай омар казакша олен, құралай омар өлеңдері, стихи на казахском языке куралай омар, куралай омар казакша олендер, Дәрменсіздің бірі мен