Олжас Сүлейменов (Мен таңсықпын...)

 Олжас Сүлейменов (Мен таңсықпын...)

Мен таңсықпын тұяғы мен тұлпардың,
Топшысына қыран бүркіт,
Сұңқардың.
Құмыраның қыл мойны мен
Қылышқа
Қашап жазған қайсар жырға іңкәрмін.
Бақи уақыт,
Бақи тірлік, бақи құм
Құпиясын тосып маған не қилы,
Толық Айды түніменен сөндірмей,
Құс жолынан аспан жырын оқимын
Күн бе?
Түн бе?
Сен оларға бас ұрма?
Өз басыңнан заман сөзін асырма.
Жұлдызы ойнап шыға келсе көктемнің,
Қас қағыс сәт татиды екен ғасырға.
Осы жұлдыз жамбысындай бәйгінің,
Нышаны ол қуанышпен қайғының.
Қай күндері өше қалса ол жалп етіп,
Жарқ етіп ол қайта туар қай күні.
Салмағыңды біледі тек жарық күн,
Сені солай ұғамын, жер, жарықтық....
Қайғылымын
Қашан жалықтырғанша,
Қашан әбден жалыққанша
Ғаріппін.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру