Олжас Сүлейменов (Сенен басқа)

 Олжас Сүлейменов (Сенен басқа)

Сенен басқа
Тірлікте жоқ тілегім.
Жүрегіме сағыныш көп түнеді.
Үнсіз кетсең,
Кінәлі сен емессің,
Барлық пәле поштадан деп білемін.
Сені ойласам,
Мұңлымын,
Беймазамын.
Күндіз-түні хат жазам,
Жыр жазамын.
Болу үшін қасыңда бір ақ сағат,
Сегіз тәулік шегемін
Жол азабын.
Сен деп жүдеп,
Сен деп мен елжіредім,
Сен болмасаң,
Менің де жоқ жүрегім.
Өзіңді күт,
Мен сені күте алмадым,
Жаратқаның жар болғай!-
Деп жүремін.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру