Мағжан Жұмабаев (Тілегім)
Қайғылы қыс қар, боранмен қорқытып,
Жанға рақат жайнаған жаз бітпесе,
Сылаңдаған алтын күнім тез өтіп,
Қайғы-мұңмен жас төгер шақ жетпесе.
Жасыл шешек, қызарған гүл солмаса
Қаны қашып, көркі бітіп, қуарып,
Періштедей жас қыз қатын болмаса,
Алмадайын қызыл беті суалып.
Алмаспаса, өзгермесе бұл дүние,
Жақсы-жаман тұрса өзінің қалпында!
Бірақ білген, солай қылған Тәңірі ие,
Мен де көндім, басымды идім алдында.
Берсін атам, малға сатпай, теңіме,
Маған жолдас ол мал болмас, ер болар!
Құр қызықсаң ата заты, тегіне,
Кезің нұры балаң өмірі шер болар.
Мейірімді Ием, таза, нәзік әйелді
Қара жүрек қазаққа неге жараттың?
Аһ, зар қылды, құлағына кім ілді?
Сорлыларды жауыздарға қараттың!..
Жанға рақат жайнаған жаз бітпесе,
Сылаңдаған алтын күнім тез өтіп,
Қайғы-мұңмен жас төгер шақ жетпесе.
Жасыл шешек, қызарған гүл солмаса
Қаны қашып, көркі бітіп, қуарып,
Періштедей жас қыз қатын болмаса,
Алмадайын қызыл беті суалып.
Алмаспаса, өзгермесе бұл дүние,
Жақсы-жаман тұрса өзінің қалпында!
Бірақ білген, солай қылған Тәңірі ие,
Мен де көндім, басымды идім алдында.
Берсін атам, малға сатпай, теңіме,
Маған жолдас ол мал болмас, ер болар!
Құр қызықсаң ата заты, тегіне,
Кезің нұры балаң өмірі шер болар.
Мейірімді Ием, таза, нәзік әйелді
Қара жүрек қазаққа неге жараттың?
Аһ, зар қылды, құлағына кім ілді?
Сорлыларды жауыздарға қараттың!..
Көрмейін рақат, жанайын,
Жалын болсын маңайым,
Күйейін, азап шегейін.
Жансын денем, күш бітсін,
Күшті жалын ішке өтсін,
Ащы, ыстық жас төгейін.
Көрмейін ерік, тұтқын боп,
Абақтыда жұтып от,
Өтсін өмірім зарменен.
Берік болсын жау қамаған,
Сарғаяйын санадан,
Көрісе алмай жарменен.
Іште толған қалың дерт,
Жүректегі жалынды от
Зарлатар мені сол уақыт.
Елестеген ерікті,
Ұшқыр жанға серікті
Жырлармын мен жан атып.
Көрген сайын көп қысым,
Зарлы, ащы дауысым
Шырқырар Сарыарқада.
Өзегіне өтпей ме,
Зарлы жайым жетпей ме
Қазағыма - қалқама!
Көрмейін рақат, жанайын,
Жалын болсын маңайым,
Күйейін, азап шегейін.
Жырыммен жаным жұбатам,
Жырыммен жұртымды оятам,
Несіне жас төгейін?!
Жалын болсын маңайым,
Күйейін, азап шегейін.
Жансын денем, күш бітсін,
Күшті жалын ішке өтсін,
Ащы, ыстық жас төгейін.
Көрмейін ерік, тұтқын боп,
Абақтыда жұтып от,
Өтсін өмірім зарменен.
Берік болсын жау қамаған,
Сарғаяйын санадан,
Көрісе алмай жарменен.
Іште толған қалың дерт,
Жүректегі жалынды от
Зарлатар мені сол уақыт.
Елестеген ерікті,
Ұшқыр жанға серікті
Жырлармын мен жан атып.
Көрген сайын көп қысым,
Зарлы, ащы дауысым
Шырқырар Сарыарқада.
Өзегіне өтпей ме,
Зарлы жайым жетпей ме
Қазағыма - қалқама!
Көрмейін рақат, жанайын,
Жалын болсын маңайым,
Күйейін, азап шегейін.
Жырыммен жаным жұбатам,
Жырыммен жұртымды оятам,
Несіне жас төгейін?!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: магжан жумабаев Тілегім өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Тілегім