Мағжан Жұмабаев (Сәуле)
Көрісе алмай зарығып,
Сарғайысқан екі жас,
Әлдеқалай тура кеп,
Көріседі - көңіл мас.
Мөлдіресіп көздері,
Бір-біріне қарайды.
Қысқа болды сөздері,
Жылы у бойға тарайды.
Ауызға ауыз тиісті -
Денелері балқыды.
Тілден тәтті сүйісті -
Жүрек жанды, шалқыды.
Ыстық лебіз сүйгенде
Өртегендей жүздерін.
Енді дене күйгенде
Ашты екеуі көздерін.
Оянысса, адам жоқ,
Түс алдайтын жау ма екен?
Бір-бірін түсте сүйсін деп,
Ойнап сүйген сәуле екен.
Есінеп, бір керіліп,
Қайта тағы жұмып көз:
«Ұйқымды, сәуле, бұздың!»,-деп,
Жатты жамылып сұлу қыз.
Абақтыда оянып,
Жігіт «уһ» деп дем алды.
Көрген түске жұбанып,
Сәулеге алтын қуанды.
Сарғайысқан екі жас,
Әлдеқалай тура кеп,
Көріседі - көңіл мас.
Мөлдіресіп көздері,
Бір-біріне қарайды.
Қысқа болды сөздері,
Жылы у бойға тарайды.
Ауызға ауыз тиісті -
Денелері балқыды.
Тілден тәтті сүйісті -
Жүрек жанды, шалқыды.
Ыстық лебіз сүйгенде
Өртегендей жүздерін.
Енді дене күйгенде
Ашты екеуі көздерін.
Оянысса, адам жоқ,
Түс алдайтын жау ма екен?
Бір-бірін түсте сүйсін деп,
Ойнап сүйген сәуле екен.
Есінеп, бір керіліп,
Қайта тағы жұмып көз:
«Ұйқымды, сәуле, бұздың!»,-деп,
Жатты жамылып сұлу қыз.
Абақтыда оянып,
Жігіт «уһ» деп дем алды.
Көрген түске жұбанып,
Сәулеге алтын қуанды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: магжан жумабаев Сәуле өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Сәуле