Тұрмағанбет Кенжебаев (Арылу)
...Жетем деп жарлы байға, бай құдайға
Жарысқа жанталасқан жан шыдай ма?!
Бұл жалған, боқ дүние жоқ секiлдi
Бiр күнi өтер деген ешбiр ойда...
Келмейтiн сирағынан Сырдың суы,
Билiк пен дүниенiң буған жыны,
Алланың атын бiлмес арсыздар мен
Алаяқ, арамзаның туды күнi.
Ел анау – айырылған еркiнен,
Жер мынау – жан шошырлық көркiнен...
Ерлердiң есi кетiп елiредi
Билiк пен дүниенi бөлiсуден!
Тырбаңдап тiршiлiктiң түнегiнде,
Бiлсе де жеңiлерiн түбi өлiмге.
Бiткенше ақтық демi арпалысқан
Адамға қанша керек бұл өмiрде?!
Тәңiрiм тартқызбасын жан азабын,
Фәниден сен де бiр күн жоғаларсың.
Арқалап алып кеткен адам бар ма –
Артыңда ойладың ба не қаларын?
Алайда, айтылған сөз – атылған оқ,
Дертiмдi әуре болман жасырған боп...
Мықтылар менсiнбейдi бiз байғұсты
Дегендей «ақша жоқта – ақыл да жоқ!»
Амал не, заң да басқа, заман басқа,
Арың да, асылың да, анаң да – ақша!
Жаным-ау, жеңiлмеске шараң қанша,
Бұл күнде құдiрет жоқ одан басқа...
“Бар жақсы батырлықтан, билiктен де,
Әр iстi ақша бұзар килiккенде!..”
Бай болса жасық артық асылыңнан –
Бар болса жаман озар жүйрiктен де...
Алмағайып өлара кезде мынау,
Салмаса да ойға – шек, қолға – бұғау.
Бiр тамақтан басқа ойлар шамасы жоқ
Талай сорлы қалқиып зорға жүр-ау...
Жаныма желеу етiп өлеңiмдi,
Күтемiн алабұртып келер күндi.
Беймезгiл лайлаған тереңiмдi
Бiлмеймiн бұл өмiрге не дерiмдi...
Жазар, бәлкiм, жүректiң жарасын күн,
Қажетi не тартысып, таласудың?
“...Өлсең орның қара жер,
сыз болмай ма?..”
Бiр болмай ма ханың кiм, қарашың кiм?!
Жанымды жегiдей жеп нала, күдiк
Көңiлiм құлазыды қазан ұрып...
Ақынды адамзаттың күнәсi үшiн
Тәңiрiм жаратыпты жазалы қып!
Алдымнан арайланып атқан таңдай,
Атқан таңдай, жаратқан
жаққан шамдай...
Жоғалттым сенiмiмдi – серiгiмдi
Соғылды қара тасқа аппақ маңдай!
Ауырды нар көтермес мен көтердiм,
Бiлемiн бiр күн ақыр бел кетерiн!
Ақында айтып өткен арман бар ма –
Түймедей тисе болды елге себiм!
Жарысқа жанталасқан жан шыдай ма?!
Бұл жалған, боқ дүние жоқ секiлдi
Бiр күнi өтер деген ешбiр ойда...
Келмейтiн сирағынан Сырдың суы,
Билiк пен дүниенiң буған жыны,
Алланың атын бiлмес арсыздар мен
Алаяқ, арамзаның туды күнi.
Ел анау – айырылған еркiнен,
Жер мынау – жан шошырлық көркiнен...
Ерлердiң есi кетiп елiредi
Билiк пен дүниенi бөлiсуден!
Тырбаңдап тiршiлiктiң түнегiнде,
Бiлсе де жеңiлерiн түбi өлiмге.
Бiткенше ақтық демi арпалысқан
Адамға қанша керек бұл өмiрде?!
Тәңiрiм тартқызбасын жан азабын,
Фәниден сен де бiр күн жоғаларсың.
Арқалап алып кеткен адам бар ма –
Артыңда ойладың ба не қаларын?
Алайда, айтылған сөз – атылған оқ,
Дертiмдi әуре болман жасырған боп...
Мықтылар менсiнбейдi бiз байғұсты
Дегендей «ақша жоқта – ақыл да жоқ!»
Амал не, заң да басқа, заман басқа,
Арың да, асылың да, анаң да – ақша!
Жаным-ау, жеңiлмеске шараң қанша,
Бұл күнде құдiрет жоқ одан басқа...
“Бар жақсы батырлықтан, билiктен де,
Әр iстi ақша бұзар килiккенде!..”
Бай болса жасық артық асылыңнан –
Бар болса жаман озар жүйрiктен де...
Алмағайып өлара кезде мынау,
Салмаса да ойға – шек, қолға – бұғау.
Бiр тамақтан басқа ойлар шамасы жоқ
Талай сорлы қалқиып зорға жүр-ау...
Жаныма желеу етiп өлеңiмдi,
Күтемiн алабұртып келер күндi.
Беймезгiл лайлаған тереңiмдi
Бiлмеймiн бұл өмiрге не дерiмдi...
Жазар, бәлкiм, жүректiң жарасын күн,
Қажетi не тартысып, таласудың?
“...Өлсең орның қара жер,
сыз болмай ма?..”
Бiр болмай ма ханың кiм, қарашың кiм?!
Жанымды жегiдей жеп нала, күдiк
Көңiлiм құлазыды қазан ұрып...
Ақынды адамзаттың күнәсi үшiн
Тәңiрiм жаратыпты жазалы қып!
Алдымнан арайланып атқан таңдай,
Атқан таңдай, жаратқан
жаққан шамдай...
Жоғалттым сенiмiмдi – серiгiмдi
Соғылды қара тасқа аппақ маңдай!
Ауырды нар көтермес мен көтердiм,
Бiлемiн бiр күн ақыр бел кетерiн!
Ақында айтып өткен арман бар ма –
Түймедей тисе болды елге себiм!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Тұрмағанбет Кенжебаев Арылу өлең турмагамбет кенжебаев стих олен, тұрмағанбет кенжебаев өлеңдері, турмагамбет кенжебаев олендери стихи на казахском языке, турмагамбет кенжебаев олендери казакша, Арылу