Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жас алпыстан асқан соң)
Жас алпыстан асқан соң,
Өлiмге аяқ басқан соң,
Тіршіліктен оянып,
Көзiмдi анық ашқан соң.
Хақиқаттың қымызын
Iшiп, бүгiн мас едiм,
Тазалап жүрек ындызын,
Нәрестедей жас едiм.
Шақырды бiр перiште
Тәнiмдi емес, жанымды.
Өтiрiк деп керiспе,
Осы сөзiм нанымды.
«Неге отырсың байланып,–
Дедi‚ – байғұс, тұзақта.
Әуре болма айланып,
Лайық орын бұ жақта».
Құбылмалы сарай бұл
Құм үстiне салынған.
Сансыз байдан қалған тұл,
Жарай ма оған жалынған?
Өмiр үйi желде тұр,
Yмiт үйi – сағымда,
Көз жетпейтiн көлде тұр,
Iздеген ерiк бағыңда.
Жасыл күмбез iшiнде
Жан-тәнiмен кiм азат?
Бұл тiршiлiк тұсында
Бола алмайсың шын азат.
Қабағыңды аш, қайғырма,
Берiлгенге разы бол.
Анық ойдан айрылма,
Ашылған жоқ еркiн жол.
Бақтың гүлi күлсе де‚
Уәде бердi демеңдер.
Гүл соларын бiлсе де‚
Кейiмейдi кемеңгер.
Тәттi сөз бен түзу ой –
Тағдыр сыйы емес пе?
Әуре қылма‚ жаным‚ қой‚
Менi күндеп егеспе!
Өлiмге аяқ басқан соң,
Тіршіліктен оянып,
Көзiмдi анық ашқан соң.
Хақиқаттың қымызын
Iшiп, бүгiн мас едiм,
Тазалап жүрек ындызын,
Нәрестедей жас едiм.
Шақырды бiр перiште
Тәнiмдi емес, жанымды.
Өтiрiк деп керiспе,
Осы сөзiм нанымды.
«Неге отырсың байланып,–
Дедi‚ – байғұс, тұзақта.
Әуре болма айланып,
Лайық орын бұ жақта».
Құбылмалы сарай бұл
Құм үстiне салынған.
Сансыз байдан қалған тұл,
Жарай ма оған жалынған?
Өмiр үйi желде тұр,
Yмiт үйi – сағымда,
Көз жетпейтiн көлде тұр,
Iздеген ерiк бағыңда.
Жасыл күмбез iшiнде
Жан-тәнiмен кiм азат?
Бұл тiршiлiк тұсында
Бола алмайсың шын азат.
Қабағыңды аш, қайғырма,
Берiлгенге разы бол.
Анық ойдан айрылма,
Ашылған жоқ еркiн жол.
Бақтың гүлi күлсе де‚
Уәде бердi демеңдер.
Гүл соларын бiлсе де‚
Кейiмейдi кемеңгер.
Тәттi сөз бен түзу ой –
Тағдыр сыйы емес пе?
Әуре қылма‚ жаным‚ қой‚
Менi күндеп егеспе!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шәкәрім құдайбердіұлы Жас алпыстан асқан соң өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Жас алпыстан асқан соң