Ғабиден Қожахмет (Ана үні)

 Ғабиден Қожахмет (Ана үні)

(баланың тілегі)

Жылы екенін сезгем осы үннің мен,
Сенің үнің, ана, мейірім білдірген.
Тербеткенде әлди айтып сол үнмен,
Бесігімде-ақ, ана, сонда күн күлген.

Сол бір үннен өмір сырын ұға алдым,
Содан білдім табиғатын жыр-әннін.
Оянсам да сол дауысты іздеппін,
Жыласам да сол үнді естіп жұбандым.

Неткен ғажап мейірім толы үн еді,
Сол мейірімнен жаным әр кез түледі.
Сол мейірімнен қуат алып жүрегім,
Ысырылды жамандықтың түнегі.

Жүрекке нәр құйып шәрбат көңілің,
Жақсы істерге жетелейді сенімің.
Айналаны мейірімге, ана, бөлей бер,
Перзенттерге үзілмесін сол үнің.

Қандай жақсы құлақта ән боп тұрғаны,
Көңілде әр кез сол мейірімнің тұр бағы.
Сол дауысқа жетпейді, ана, бар елдің
Бар байлығы, бар жауһары, күллі әні.

Сол бір үнмен жаным түлеп көктеген
Өсіп келем, жақсы болсам деп келем.
Түн ұйқыңды сан бөлгізіп өткерген
Еңбегіңді ақтауға, ана, серт берем.

Жақсылыққа болып әр кез толы күн,
Үзілмесін, ортаймасын сол үнің.
Ана еңбегін ақтайсың ба деп алда,
Күтуде, ана, бізді өмірдің жолы мың.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру