file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Фариза Оңғарсынова (Ұстаз)

 Фариза Оңғарсынова (Ұстаз)

Заводта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің –
сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзін арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам – елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 8
  1. Нурай Темирбекова
    1 + 1 -
    та керемет асиасиресе сабакка
  2. Куралай Сунгатова
    0 + 0 -
    Өте керемет
  3. Асем Шарипова
    Асем Шарипова 28.01.2015 19:15
    0 + 0 -
    кушты
  4. Таншолпан Сыздыкова
    0 + 0 -
    Рахмет сізге сіздің арқанызда бас жүлде алдым. Менің жасым9 да жай тəтем суретің қойған
  5. Асель Токенова
    Асель Токенова 18.01.2015 13:11
    0 + 0 -
    Маган керек
  6. Жанель Тугельбаева
    0 + 0 -
    Рахмет оте керек сайт ( ;
  7. Актолкын Уаширхан
    0 + 0 -
    оте керек сайт екен сизге ракмет!
  8. Актолкын Уаширхан
    0 + 0 -
    оте адеми сайт мен сизге риза болдым ракмет

Ілмектер: фариза оңғарсынова Ұстаз өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, фариза онгарсынова олендери казакша, Казакша куттыктау тилек мугалим устаз куни, поздравления на казахском языке на день учителя, Жас ұстазға тілек, жас ұстазға құттықтау, жас ұстазға құттықтау тілек тилек, ұстаздар күніне тілектер, мұғалімдер күні құттықтау сөз тілек, 5-қазан мұғалімдер күні, 5 қазан - ұстаздар күні тілек құттықтау сөз, ұстаздар күніне арналған құттықтау сөздер, мұғалімдер күніне арналған құттықтау сөздер, устаздар кунине арналган куттыктау создер, мугалимдер кунине арналган куттыктау создер