Жанкелді Немеребай (Ауғаннан хат)

 Жанкелді Немеребай (Ауғаннан хат)

(жауынгер монологі)

Туған елге жүрмін-ау елеңдеп мен,
(Тағдырымды қайтейін терең кеткен.)
Қалдым тағы көз жазып бір досымнан,
Не береді білмеймін келер көктем?
Бітер емес бұл соғыс жұмбақталған,
Ағып жатыр жұлдыздар мұңлы аспаннан.
Жетер ме екен өзіңе жазған хатым,
Ақ параққа жүректен сырды ақтарған.
Түсін мені аяулым, асыл құрбым,
Кейіпкері жарқ еткен жасын жырдың.
Алаңдаумен майданның даласында,
Қауып-қатер сәт сайын басып жүрмін.
Қара тауда қардай оқ бораған күн,
Жат өлкеде жанымнан жараландым.
Күтсең мені сүйікті асыл еркем,
Аман болсам көктемде оралармын...

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру