file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ғабиден Қожахмет (Енді олардың бірге өмірі, әнге толы бір кеші)

 Ғабиден Қожахмет (Енді олардың бірге өмірі, әнге толы бір кеші)

Ұластырып бір шаттыққа күндері мен түндерін,
Ілестіріп қуанышқа думан сүйер дүрмегін.
Бабалары шежірелі тектен тарап өрбіген
Бір әулетке түсіп жатыр тағы, міне, бір келін.

Той-думанның жарық болды тағы да енді жұлдызы,
Бір әулеттің бөліскелі жиналды оны ұл-қызы.
Түсіп жатыр келін болып, ол да жақсы атаның
Ұрпағынан тарайтұғын тәлім көрген бір қызы.

Бұл әулет те той сәнімен дәл осылай күйге енді,
Дәстүрінің жолыменен ұл да бүгін үйленді.
Жақындары тілектес боп шаттанды да, қуанды,
Анасы да, міне, өмірде ене болды сыйлы енді.

Куә болды осы тойға ұл менен қыз қараған,
Той сәні боп көкте шалқып, қалықтап бір барады ән.
Бүгін, міне, қосылып отыр жұбай болып екі жас,
Жүректері шын сезіммен бірін-бірі қалаған.

Енді олардың бірге өмірі, әнге толы бір кеші,
Енді олардың ортақ алар өмірдегі жүлдесі.
Жас отаудың сондықтан да шаңырағы асқақ боп,
Дейді ағайын: ақ отаудың берік болсын іргесі!

Атаның да, әженің де осы болар құптары,
Солардан ғой жұбайлардың бата-тілек ұққаны.
Сол батамен ақ отауға бақыт құсы қонақтап,
Екеуінің мәңгі өмірде жазылмасын жұптары!

Махаббаттың аппақ құсы көрінген соң айдыннан,
Бір шаттықтың дастарқанын тілекші ғып жайдырған.
Бір әулеттің күллі адамын қуанышқа бөлеген
Жалғастығын таба берсін дәл осындай той-думан!

Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру