Ғафу Қайырбеков (Өмір күші)
Мыңдаған қалам өрнегі түсіп,
Алуан көздің от ізі қалған.
Талайдың басып алақаны ыстық,
Екінші қолға суымай барған,
Маған да жетті сол қағаз қымбат,
Жүректен шықты мызғымас антым.
Қаламның бойын қуалай зырлап,
Құйылды барып қағазға әрпім.
Үндеуден көрді көзім тез шалып,
Інімнің қолын қойылған шапшаң.
Тұрғандай болды тұтасып халық,
Осынау байтақ астында аспан.
Жалауын бейбіт өмірдің ортақ,
Көтеріп қолдан айбарлы үнмен.
Астында тудың тұрды бір шырқап,
Өзімдей ұлан өмірді сүйген.
Толды да кеуде сезіммен күшті,
Өмірдің алып қайратын көріп.
Келешек маған жымия түсті,
Өзінің ғажап ісіне сеніп.
Алуан көздің от ізі қалған.
Талайдың басып алақаны ыстық,
Екінші қолға суымай барған,
Маған да жетті сол қағаз қымбат,
Жүректен шықты мызғымас антым.
Қаламның бойын қуалай зырлап,
Құйылды барып қағазға әрпім.
Үндеуден көрді көзім тез шалып,
Інімнің қолын қойылған шапшаң.
Тұрғандай болды тұтасып халық,
Осынау байтақ астында аспан.
Жалауын бейбіт өмірдің ортақ,
Көтеріп қолдан айбарлы үнмен.
Астында тудың тұрды бір шырқап,
Өзімдей ұлан өмірді сүйген.
Толды да кеуде сезіммен күшті,
Өмірдің алып қайратын көріп.
Келешек маған жымия түсті,
Өзінің ғажап ісіне сеніп.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ғафу қайырбеков Өмір күші стихи өлең гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском