Ерболат Қарақойшиев (Бұрыш...)

 Ерболат Қарақойшиев (Бұрыш...)

Сыймайтын миыңа,кірмейтін санаңа.
Ұстатар қолыңды апарып жағаға.
Бетіңді қызартар нетүрлі әрекет,
Болатын бұрыштар бар біздің қалада.

Көрініс миыңды жібертер құбылтып.
Өзіңді өмірден әкетер түңілтіп.
Көруге тұрғысыз көрініс болса да,
Көздерді кәнеки көрейік жүгіртіп.

«Блатной»бір бала бөтелке құйды алып.
Көңілді көтермек кейіпте ұйғарып.
Күндегі әдетпен көшенің ұлдары,
Бұрышқа бұрынғы қалыпты жиналып.

Кешегі соққылар тым қатты тиіп қап,
Тағдырын тағы да тентек су тұйықтап,
Үш шөлмек ішкені үйіне жеткізбей.
Бұрышта бір ағам қалыпты ұйықтап.

Жаным-ау таппады-ау жөргекпен жарасым,
Бұл өмір басқаша қылмады шарасын.
Өткенге өкініш білдіріп бір әйел,
Бұрышқа тастады бейкүнә баласын.

Анасы алаң боп тосқасын баяғы-ай.
Жұмыстан үйіне асығып аяғы-ай.
Бара жатқан бұрыштан біреулер күтіп,
Бикештін еріксіз төкті арын аямай.

Түндегі әдеті тағы да тұрды аңдып.
Жасырын істерін жасайды жылдам қып.
Бір төп ұл тосуда бұрышта қалтасы,
Қалыңдау болса деп бүгінгі құрбандық.

Қосылып соларға,бүр жарып бір шыбық.
Талайдың тағдыры және де тұр сынып.
Қаланы қараңғы жайлаған кезінде,
Бұрыштан белгісіз оянды тіршілік..

Бірақ та,осының барлығын жиғызып.
Еріндер вальсін билетіп,тигізіп.
Қос ғашық тұр әне жүректе тулаған,
Алпауыт сезімді бұрышқа сыйғызып.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру