Ерболат Қарақойшиев (Көпірі көп,келбеті де керемет....)
Көпірі көп,келбеті де керемет,
Қонақжайлық құрметі де тым дара.
бірақ олай сыйлағаны не керек???
Көре алмайды көп адамды бұл қала...
Мысал үшін,қызықты ойды қуалық,
Жыр жазайын жеткенінше жай күшім,
Жүрек тулап,жүрген сәтте қуанып,
Саған сыйлап кете берер қайғысын...
Ал содан соң жігеріңді құлатып,
Жүргеніңде жүрегіңе келіп сыз.
Алдын ала тастайды да жылатып,
Жынды қылып,күлдіреді еріксіз...
Жақсы қылып көрсетеді жаманды,
Бұл қалада қалыптасқан пасықтық.
Өзің қатты ұнататын адамды,
Өзге жанға қояды ғой ғашық қып.
Жібін үзгің келмес кейде үміттің,
Қоштасумен болып мүлдем хабарсыз.
"Келер-ау"деп келмесе де ұмытқың.
Жүрегіңнен сыздырады амалсыз...
Осы қала,сыйлығы осы берерге,
Күнім осы,билігіне бас ұрған.
Енді оған қолым жетті-ау дегенде.
Алыстатып әкетеді қасыңнан.
Қонақжайлық құрметі де тым дара.
бірақ олай сыйлағаны не керек???
Көре алмайды көп адамды бұл қала...
Мысал үшін,қызықты ойды қуалық,
Жыр жазайын жеткенінше жай күшім,
Жүрек тулап,жүрген сәтте қуанып,
Саған сыйлап кете берер қайғысын...
Ал содан соң жігеріңді құлатып,
Жүргеніңде жүрегіңе келіп сыз.
Алдын ала тастайды да жылатып,
Жынды қылып,күлдіреді еріксіз...
Жақсы қылып көрсетеді жаманды,
Бұл қалада қалыптасқан пасықтық.
Өзің қатты ұнататын адамды,
Өзге жанға қояды ғой ғашық қып.
Жібін үзгің келмес кейде үміттің,
Қоштасумен болып мүлдем хабарсыз.
"Келер-ау"деп келмесе де ұмытқың.
Жүрегіңнен сыздырады амалсыз...
Осы қала,сыйлығы осы берерге,
Күнім осы,билігіне бас ұрған.
Енді оған қолым жетті-ау дегенде.
Алыстатып әкетеді қасыңнан.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Ерболат Қарақойшиев өлең Көпірі көп келбеті де керемет олен стихи казахском, Ерболат Қарақойшиев өлеңдері, стихи ерболат каракойшиев на казахском языке, казакша олен ерболат каракойшиев