file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

4 Маусым - Рәміздер күні (Қазақ елі рәміздері)

 4 Маусым - Рәміздер күні (Қазақ елі рәміздері)

Алтын күн аясында қалықтайды,
Тәуелсіз Отанымның көк байрағы.
Алтын қанат дала қыран шарықтайды,
Жеріміздің бейбіт құсы самұрығы.

Қайырмасы:

Ел ұраны, Ел таңбасы,
Елдің туы – көк жалауы,
Бәрімізге рух береді,
Қазақ елі рәміздері.

Алтын күн аясында қалықтайды,
Тәуелсіз Отанымның ел таңбасы.
Алтын мүйіз дала пырақ босағалы,
Халқымыздың бейбіт құтты шаңырағы.

Қайырмасы

Алтын күн аясында қалықтайды,
Тәуелсіз Отанымның ел ұраны.
Алтын күй, дала әуен асқақтайды,
Ұлтымыздың бейбіт құшақ бірлік жыры.

Қайырмасы

Сөзі: Б.Р. Кенішбаев

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Акдидар
    Акдидар 20.02.2021 14:17
    1 + 0 -
    Коктемде болады ыстеп берындершы аты Акдидар деп отынем?????
    Кешеден берындершы айтып жатырмын гой