file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ғабиден Қожахмет (Қыз-дәурен)

 Ғабиден Қожахмет (Қыз-дәурен)

Серік қып тағдыр басқаны,
Ашылды арай аспаны.
Шақырды өзге жағаға,
Қол бұлғап бақыт бастауы.

Өмірде бірге достасып,
Айдында барады қос ғашық.
Жаңа өмір есік ашқанда,
Қыз-дәурен қалар қоштасып.

Жастықтың желпіп самалы,
Босаға аттап барады.
Ата-ана, бауыр, ағайын,
Тілекшің болып қалады.

Қызға кім кінә таға алар,
Жат жұрттық болып жаралар.
Артында қалған еліне,
Қонақ боп енді оралар.

Өмірде бірге достасып,
Айдында барады қос ғашық.
Жаңа өмір есік ашқанда,
Қыз-дәурен қалар қоштасып.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру