file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Бiр үмiт

 Бiр үмiт

Тереземнен бiр үмiт тамшылап тұр,
Мен отырмын өзiмдi жаншылап құр.
Жылым жылжып, уақытым ағылады,
ҮМIТ қана әзiрге қамшылап тұр.

Сағынып та сарғайып жалығармын,
Жалғыздың келбетiнен жан ұғар кiм?
Маңдайыма жазылған жазуы деп,
Тағдырдын сыйын алып тағынармын.

Болсақ та бұйым сынды бөлшектелген,
Орындалмас арман бар "көрсек" деген.
Тартынып, талпынғаннын орынына,
Орын берiп қоярдай көнсек төрден.

Көкейiм көндiктiрмей жанып барат(ды),
Алғасын ақиқатын анықтап ап.
Телмiрiп отырғанда, ойға батып.
Тереземнен тағы үмiт тамып барат(ды).


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру