Шәңгерей Бөкеев (Жігіттің болса алған жақсы жары)
Жігіттің болса алған жақсы жары,
Сен болсаң бір Аллаға еткен зары.
Баладай риясыз еркелеген,
Сен болсаң тағы сонда ынтызары.
Құлқыны құмарланып құшқаныңда
Шайқалып тұрса алтын сырғалары...
Камшаті барқыт төбе қырын киген
Қадалса империал һәм динары.
Ақылы жамалына болса лайық,
Жігіттің сол емес пе жан дидиры?
Көлдерге ат ойнатып, құс шүйгенде,
Адамның болса әзілдес құрбылары.
Болғанда жарын сондай, құрбың мұндай,
Боз балалар деп біліңіз бағың бары.
Делбеймін көңілімді жалғыздықтан
Бір хақ деп қашаннан да жалғыз жары.
Сен болсаң бір Аллаға еткен зары.
Баладай риясыз еркелеген,
Сен болсаң тағы сонда ынтызары.
Құлқыны құмарланып құшқаныңда
Шайқалып тұрса алтын сырғалары...
Камшаті барқыт төбе қырын киген
Қадалса империал һәм динары.
Ақылы жамалына болса лайық,
Жігіттің сол емес пе жан дидиры?
Көлдерге ат ойнатып, құс шүйгенде,
Адамның болса әзілдес құрбылары.
Болғанда жарын сондай, құрбың мұндай,
Боз балалар деп біліңіз бағың бары.
Делбеймін көңілімді жалғыздықтан
Бір хақ деп қашаннан да жалғыз жары.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шәңгерей бөкеев Жігіттің болса алған жақсы жары өлең шангерей бокеев акын олен стихи на казахском, шәңгерей сейіткерейұлы бөкеев өлеңдері, шангерей акын олендери, шангерей ақын олендери