Күләш Ахметова (Алтын ай!)
![Күләш Ахметова (Алтын ай!)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2019-05/1558853057_d26983c56e9c99a655091833fcac9967.jpg)
Тезірек шық ала бұлттан!
Жігіттің жүрегімен алабұртқан
Ойнайды
сырғалары сылдыр қағып,
Арулар сөзі астарлы ән ағылтқан.
Қуанып, қызық дәурен кешті-ау бәрі,
Осында жыр — бұлақтың бастаулары.
Бәрі әуен!
Әуен үшін тағылады
Қыздардың алқалары, шашбаулары...
Әдемі ойын ғой бұл халқыма тән,
Халқымның қазынасын жарқыратам.
Қайта өрлеп, қалықташы Ай астында,
Шаттығы жастық шақтың — алтыбақан!
Жігіттің жүрегімен алабұртқан
Ойнайды
сырғалары сылдыр қағып,
Арулар сөзі астарлы ән ағылтқан.
Қуанып, қызық дәурен кешті-ау бәрі,
Осында жыр — бұлақтың бастаулары.
Бәрі әуен!
Әуен үшін тағылады
Қыздардың алқалары, шашбаулары...
Әдемі ойын ғой бұл халқыма тән,
Халқымның қазынасын жарқыратам.
Қайта өрлеп, қалықташы Ай астында,
Шаттығы жастық шақтың — алтыбақан!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: күлаш ахметова Алтын ай! өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күлаш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Алтын ай!