Гүлнар Салықбай (Жүріп келем көшемен жайдақ, тайғақ...)
Жүріп келем көшемен жайдақ, тайғақ,
Секіртеді сезігім антұрғандай.
Қара қазан түбінде қайнап-қайнап,
Дүниенің қызығы сарқылғандай.
Жау іздеген жандарды түсінбедім,
Қата алмадым жолында қарыс-кектің.
Болғаннан соң шамалы күшімде мін,
Айдалаға бөлініп, алыс кеттім.
Жаным күйіп, батамын тағы нуға,
Жалғастырам амалсыз ақ әнімді.
Аллашыл боп, күнәдан арылуға
ұры сауап жинаған заманымды...
Ұялатын кім қалды арға қарап,
Қайтарардай жұртымның қайран бағын?!
Жүр мұсылман болғанын жарнамалап,
Қарынына қанша май байланғанын.
Көңілімнің жайлауы таз болғандай,
Шошынамын осылар түсіме енсе:
адамды алдап, жиғаны аз болғандай
алдайтұғын Алланы күші келсе.
Өмір деген оларға тұйық көше,
Солар – құдай жазалап, шын ататын.
Біреу егер өзінен биіктесе,
Табанына мұз қойып, құлататын.
Жұмырына жұқ болмас жұтса бәрін,
Көріп, біліп, еңбегін бағалар кім -
тізгін ұстап, тіріге ұқсағанын
бесігінен безінген балалардың...
Көшелердің кеудесін темір құрсап,
Көрерімді көрмекке жүріп келем.
Тоқтағандай болды да өмір бір сәт,
Қайта кетті басталып үмітпенен...
Секіртеді сезігім антұрғандай.
Қара қазан түбінде қайнап-қайнап,
Дүниенің қызығы сарқылғандай.
Жау іздеген жандарды түсінбедім,
Қата алмадым жолында қарыс-кектің.
Болғаннан соң шамалы күшімде мін,
Айдалаға бөлініп, алыс кеттім.
Жаным күйіп, батамын тағы нуға,
Жалғастырам амалсыз ақ әнімді.
Аллашыл боп, күнәдан арылуға
ұры сауап жинаған заманымды...
Ұялатын кім қалды арға қарап,
Қайтарардай жұртымның қайран бағын?!
Жүр мұсылман болғанын жарнамалап,
Қарынына қанша май байланғанын.
Көңілімнің жайлауы таз болғандай,
Шошынамын осылар түсіме енсе:
адамды алдап, жиғаны аз болғандай
алдайтұғын Алланы күші келсе.
Өмір деген оларға тұйық көше,
Солар – құдай жазалап, шын ататын.
Біреу егер өзінен биіктесе,
Табанына мұз қойып, құлататын.
Жұмырына жұқ болмас жұтса бәрін,
Көріп, біліп, еңбегін бағалар кім -
тізгін ұстап, тіріге ұқсағанын
бесігінен безінген балалардың...
Көшелердің кеудесін темір құрсап,
Көрерімді көрмекке жүріп келем.
Тоқтағандай болды да өмір бір сәт,
Қайта кетті басталып үмітпенен...
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: гүлнар салықбай Жүріп келем көшемен жайдақ тайғақ өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском, гүлнар салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай шығармашылығы, гульнар салыкбай гульнар салыкбаева стихи на казахском