Мұқағали Мақатаев (Айығып келем)
Айығып келем.айығып келем бәрінен.
Емделіп жүрмін,жақсылар берген дәрімен.
Мен үшін өмір тарылған емес, әлі кең,
Кеңістіктерге сапарға шығам әлі мен.
Сауығып келем,жинап та келем есімді.
Сағынып қалдым,саламат өмір кешуді.
Тағат таппастан,тартамын алға көшімді,
Жанып бітпестен жазбаған маған өшуді.
Қиын ғой
Қиын...көшіңді жолға доғарған,
Жана алмай бықсып, ошақта отың жоғалған,
Жаға алмай сөнсең жалын мен отты -
Сол арман,жалындап тұрып,
Өртеніп кетсең, жоқ арман!
Емделіп жүрмін,жақсылар берген дәрімен.
Мен үшін өмір тарылған емес, әлі кең,
Кеңістіктерге сапарға шығам әлі мен.
Сауығып келем,жинап та келем есімді.
Сағынып қалдым,саламат өмір кешуді.
Тағат таппастан,тартамын алға көшімді,
Жанып бітпестен жазбаған маған өшуді.
Қиын ғой
Қиын...көшіңді жолға доғарған,
Жана алмай бықсып, ошақта отың жоғалған,
Жаға алмай сөнсең жалын мен отты -
Сол арман,жалындап тұрып,
Өртеніп кетсең, жоқ арман!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Айығып келем өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы