Түркістан

 Түркістан

Тарихтарың сыр шертіп ғасырлардан ,
Көкте күнің Түркістан жарқыраған .
Ән арнадым рұхсат ет , бас иемін ,
Тебіренттің рухыңмен асыл бабам .
Қожа-Ахмет ойын тербеп шарлаған ,
Болашақтың шамын жағып Түркістан .
Кемтарларға дер кезінде дем беріп,
Сая болдың кезі болса шаршаған .
Түркі-Қазақ атанған жер анасы ,
Кіші Мекке Түркістан баб қаласы .
Бір өзіңді пір тұтып табынамын ,
Шығыстағы Мұсылман астанасы .
Хан Абылай елің үшін жаралған ,
Күмбездерің асыл нұрдан нәр алған .
Түркістаным гүл бақшаңа оранып ,
Әлем шарға қасиетің таралған .

Жібек жолың Үндіге жалғастырған ,
Әмір-Темір қолдары мың жасаған .
Имандылық Түркістан мекенісің ,
Тай қазаның ырыс боп оратылған .
Батырлырың шайқасқанда жауымен ,
Үш билерің ақылдасты қауыммен .
Түркістаным атты таңын жаңарып ,
Егеменді елім болып оңымен .

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 6
  1. Серикбай Маханов
    0 + 1 -
    ОРАЛШЫ КӨЛІҢЕ . Тіршіліктер басталғанда көктемнен , Сұрап тұрмын хабарыңды өткеннен . Сырлы саздар сағыныштан алаулап Аққу – қаздар ұшып өтті көк белден . Сезінемін жұпар иісін , көктемді , Сырласуға еске алам өткенді ? Ақ қайың да ырғатылып сол сәтте Көрсетіп тұр өмір деген өткелді . Нұрлы бейнең кетпей қойды түсімнен , Өзің едің жан сырымды түсінген . Армандаған көлде жүзген Аққуым Көрінбейсің қайтқан құстың ішінен ? Қом сулармен көл жағасы қоғалы , Оралмадың айдыныңа қонғалы ? Жалғызсырап бір сыңарың гәккулеп Қанат қақты , қайта әнін салғалы ! Жүрсің қайда самал желді тербетіп , Ақша бұлтпен табыстың ба сенделіп ? Бей – жай болып көкірегім толқиды Найзағаймен жаңбыр жауып селдетіп ! Өкінішке қалдырмашы шөлдетіп , Көк жүзінен көрінсейші өрлетіп . Өзің жүзген көлің жатыр тұп – тұнық Келіп қоншы айналайын тездетіп !
  2. Серикбай Маханов
    0 + 0 -

  3. Серикбай Маханов
    0 + 0 -
    ӨЛЕҢ ЕТІП . Кеттің бе , мазасыз боп ұлы тәңір ? , Көгіңнен тілеп едім нұрлы жаңбыр . Құр бекер ұйытқытып бұлтты қума Өтінем нөсер төккіз жерді қандыр ! Қалды ғой жауын жаумай көптен бері , Жер ана сағынады көктен селді . Долы жел айтқанынан қайтар емес Аямай сорып жатыр беттен сөлді . Қалайша жазаламас тәңір өзі , Өзгерсе заманында өмір сөзі . Жалқаулар ұйқысынан оянбайды Тірлігін керек етпей көңілдегі . Сел болып жауар болсаң күркірегін , Менде бар саған қояр бір тілегім ? Сезімнің ақ жаңбырын төгіп өтші Ұшырсын бұл жүрегім жыр түлегін . Көз жасым көңіл шығы тамшылама , Тәңірім сөз асылын қамшылама ? Толқыған ойларымды ұстап алып Байлайын өлең етіп қанжығама !
  4. Серикбай Маханов
    2 + 0 -
    ДҮНИЕ КЕРУЕН . Барасың қайда асығып , Төбеден Күнді жасырып ? Таң нұры жылжып биіктен Сәулесін жатыр асырып ! Тізгілеп барқыт сай – сала , Өзгерді аймақ айнала . Қазанын жуып көк нөсер Төгеді қаймақ тап – таза . Жап – жасыл желек жамылған , Қырлардан гүлдер тағынған . Дүниең жалған керуен Жылжиды алтын тағынан . 21 Айнала толған шаттық үн , Айналып өтті Күн мен Түн . Табиғат сырын түсінгін Жадырап тұр ғой ашық күн . Бояуға малып маңайды , Тоғайда бұлбұл сайрайды . Теңеліп бәрі тамаша Заманым гүл – гүл жайнайды . ҚАРА БҰЛТ . Қара бұлт қаптап шың басын , Түйдектей төкті тұнбасын . Тал менен терек мүлгиді Күткендей болып сырласын . Төгесің моншақ селдетіп , Кетасің кейде желдетіп . Сағына күтіп Жер – Ана Құшағын жайды тездетіп . Тоқтаусыз ешбір көшесің , Тау менен тастан өтесің . Аспанды тіліп қамшыңмен Шартылдап барып өшесің . .
  5. ZHARAR
    ZHARAR 01.11.2015 08:05
    1 + 0 -
    жаңа өлеңдеріңізді zharar.com ға жариялау үшін mrzharar@gmail.com поштасына жіберп тұрыңыз
  6. Даниел Маханов
    Даниел Маханов 31.10.2015 09:16
    1 + 0 -
    рахмет айтам өлеңімді басқандарыңызға серікбай маханұлы