Серікбай Маханов (МАЙ ТОПЫРАҚ)

 Серікбай Маханов (МАЙ ТОПЫРАҚ)

Май топырақ шаң көтердің тездетіп ,
Балаң келді өскен жерге ер жетіп .
Сағынышым , топырағым туған ел
Елестейді өңіріңнен жел есіп .

Бұлдыр сағым есімде тұр балалық ,
Жаза алмадым дер кезінде жаңалық .
Жастық шақта тұлым шашты қыздармен
Талай бірге топыраққа аунадық .

Есейсемде жасырайын мен неге ,
Шомыламыз суға түсіп өзенге .
Күн шыққанда іздеп жүріп көлеңке
Жүгіреміз қыр гүліне – беленге .

Өтті дәурен оралмайтын енді бір ,
Міне бүгін сол күндерде өмір жүр .
Сыр ғып өскен қыздар қайда маралдай
Іздеймін кеп топырақтан өлең жыр .

Елеңдеймін өзгеріске шарқұрып.
Сүгіреттер тұр қыздың көркін жамылып .
Шілдедегі майдай ыстық топырақ
Шақырасың қыз бантикті сағынып .

Ізім қайда табынамын топырақ ,
Қасиетің тұмар болып тағылмақ ?
Алақанға уыстаймын қос қолдап ,
Кеудемдегі арманымсың бір жұмбақ .

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру