Мағжан Жұмабаев (Абақтыдан шыққанда)
Зор қуаныш — қара түн өткенiне,
Алтын таңды ашық күн жеткенiне,
Қан аралас төгiлген көп көз жасты
Тәңiрi қабыл, мейiрiм ғып, еткенiне.
Ерiк құсы қайта ұшып келгенiне,
Душар болмай дұшпанның мергенiне.
Қайта шықты батқан Күн,
нұр шашылды,
Мың шүкiрлiк Тәңiрiнiң бергенiне.
Күннiң бетiн ежелден бұлт жаппақ,
Жапса да, ұзақ тұрмай, жөнiн таппақ.
Қайғы көрсе, ер жiгiт қайраты аспақ,
Қамшы тисе, шын жүйрiк үдей шаппақ.
Оңнан естi жел бiраз қырын ескен,
Соң туса да, оң туса, қалмас көштен.
Өткен iске – салауат, күтiп қалдық
Өткiр қимыл, ескi үмiт, жаңа күшпен.
Алтын таңды ашық күн жеткенiне,
Қан аралас төгiлген көп көз жасты
Тәңiрi қабыл, мейiрiм ғып, еткенiне.
Ерiк құсы қайта ұшып келгенiне,
Душар болмай дұшпанның мергенiне.
Қайта шықты батқан Күн,
нұр шашылды,
Мың шүкiрлiк Тәңiрiнiң бергенiне.
Күннiң бетiн ежелден бұлт жаппақ,
Жапса да, ұзақ тұрмай, жөнiн таппақ.
Қайғы көрсе, ер жiгiт қайраты аспақ,
Қамшы тисе, шын жүйрiк үдей шаппақ.
Оңнан естi жел бiраз қырын ескен,
Соң туса да, оң туса, қалмас көштен.
Өткен iске – салауат, күтiп қалдық
Өткiр қимыл, ескi үмiт, жаңа күшпен.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мағжан жұмабаев Абақтыдан шыққанда өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, мағжан жұмабаев Қазақша өлең, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев казакша олен, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи, магжан жумабаев стихи на казахском языке, магжан жумабаев олендери, мағжан жұмабаев Абақтыдан шыққанда өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих