Қадыр Мырза Әли (Махаббат - ғашықтық пернесі)
Өзіңсің – басыма құт, қосыма құт,
Өзіңсің – жасыл уақыт, асыл уақыт,
Сапарда жүргенімде сарғайып мен,
Сағынып күте берсең, осы – Бақыт!
Кім демей, аталғанда досым аты,
Отырсаң ақылыма қосып ақыл...
Бір қора жолдас ертіп келгенімде
Қарсы алсаң күлімсіреп, осы – Бақыт!
Біреулер жүр ғой сырттан досын атып.
Қорықпа, күдіктенбе шошыма түк.
Мен жайлы айтылған бір қаңқу сөзге
Сенбесең, иланбасаң, осы – Бақыт!
Жарқырап, жалт-жұлт етіп жасын атып,
Жасыннан кейін бірақ басым қатып,
Мас болып келген күні бір сөз айтпай,
Ертесіне ұмытып кетсең, осы – бақыт!
***
Жүлдегерміз,
Жүйткітіп шабар атпыз.
Қыран құспыз,
Ұшқанда жоғары-ақпыз.
Тындыруға келгенде құлқымыз жоқ,
Сындыруға келгенде шебер-ақпыз.
***
Ақиқатты іренжітсең,
Ар түбіңе жетеді.
Күн күлкіні іренжітсең,
Көз жасы боп кетеді.
Сүйгеніңді іренжітсең,
Сүйегіңнен өтеді.
Алақанды іренжітсең,
Жұдырық боп кетеді!
Өзіңсің – жасыл уақыт, асыл уақыт,
Сапарда жүргенімде сарғайып мен,
Сағынып күте берсең, осы – Бақыт!
Кім демей, аталғанда досым аты,
Отырсаң ақылыма қосып ақыл...
Бір қора жолдас ертіп келгенімде
Қарсы алсаң күлімсіреп, осы – Бақыт!
Біреулер жүр ғой сырттан досын атып.
Қорықпа, күдіктенбе шошыма түк.
Мен жайлы айтылған бір қаңқу сөзге
Сенбесең, иланбасаң, осы – Бақыт!
Жарқырап, жалт-жұлт етіп жасын атып,
Жасыннан кейін бірақ басым қатып,
Мас болып келген күні бір сөз айтпай,
Ертесіне ұмытып кетсең, осы – бақыт!
***
Жүлдегерміз,
Жүйткітіп шабар атпыз.
Қыран құспыз,
Ұшқанда жоғары-ақпыз.
Тындыруға келгенде құлқымыз жоқ,
Сындыруға келгенде шебер-ақпыз.
***
Ақиқатты іренжітсең,
Ар түбіңе жетеді.
Күн күлкіні іренжітсең,
Көз жасы боп кетеді.
Сүйгеніңді іренжітсең,
Сүйегіңнен өтеді.
Алақанды іренжітсең,
Жұдырық боп кетеді!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: махаббат туралы өлең шумақтары, махаббат туралы өлеңдер, махаббат туралы өлең шумактар, қадыр мырза әли Махаббат - ғашықтық пернесі өлеңі олен стих, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы