Қадыр Мырза Әли (Өмір-ғұмыр пернесі)
Алдап-сулап,
Абайсызда жылыстар
Айла-уақытқа кейде адамның жыны ұстар.
Бір нәрсеге жіпсіз сені байлайды
Желісі бар
Жемісі жоқ жұмыстар.
Жер соқтырып жүргенменен түлкілер,
Жиналмайды өкпе-наздың бұлтын ер.
Ұмыттырып уақыт барын,
Үй барын,
Кетеді алып кейде күміс күлкілер.
***
Біреу, жаңа болсаң да, тоздың дейді.
Біреу, қалып тұрса да, оздым дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.
Біреу, тыныш тұрсаң да, қоздың дейді.
Қарашығын
Ағы бұл көздің дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.
Төзер едің,
Ойбай-ау!
Еңіретіп,
Алтынды мыс,
Мысыңды темір етіп,
Орманды шоқ,
Шоғыңды көмір етіп,
Өмір өтіп кетпей ме,
Өмір өтіп?
***
Бақыт деген батырдың пырағында,
бұқараның ұранында,
өзіңнің босағаңда
жағылған шырағыңда.
Бақыт деген досыңның табағында,
домбыра шанағында,
жарыңның жанарында,
халықтың қабағында!
Абайсызда жылыстар
Айла-уақытқа кейде адамның жыны ұстар.
Бір нәрсеге жіпсіз сені байлайды
Желісі бар
Жемісі жоқ жұмыстар.
Жер соқтырып жүргенменен түлкілер,
Жиналмайды өкпе-наздың бұлтын ер.
Ұмыттырып уақыт барын,
Үй барын,
Кетеді алып кейде күміс күлкілер.
***
Біреу, жаңа болсаң да, тоздың дейді.
Біреу, қалып тұрса да, оздым дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.
Біреу, тыныш тұрсаң да, қоздың дейді.
Қарашығын
Ағы бұл көздің дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.
Төзер едің,
Ойбай-ау!
Еңіретіп,
Алтынды мыс,
Мысыңды темір етіп,
Орманды шоқ,
Шоғыңды көмір етіп,
Өмір өтіп кетпей ме,
Өмір өтіп?
***
Бақыт деген батырдың пырағында,
бұқараның ұранында,
өзіңнің босағаңда
жағылған шырағыңда.
Бақыт деген досыңның табағында,
домбыра шанағында,
жарыңның жанарында,
халықтың қабағында!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: омир туралы олен, өмір туралы өлеңдер, өмір туралы өлеңдер жинағы, өмір туралы өлең шумақтары, қадыр мырза әли Өмір-ғұмыр пернесі өлеңі олен стих, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы