Сүйгенім

 Сүйгенім

Сүйем десем сенесің бе, маған қарай келесің бе?
Сол жолдарда тұнып тұрған кедергімді жеңесің бе?
Қайғыларым толы болса бұл өмірде мен үшін,
Жаным мені сонда да еш себепсіз сүйесің бе?

Сағынам десем сенесің бе, маған жауап бересің бе?
Сені алып тау шыңына шығып кетсем көнесің бе?
Сол шыңымда сөз айтып, жүрек берсем өзіңе,
Сол жүректі сақтауға жаным менің төзесің бе?

Қызғанам десем сенесің бе,оған тіпті күлесің де,
Сені сүйем сондықтан ғой, жаным мені түсінесің бе?
Алып кетер едім ғой ешбір пенде жоқ жерге,
Кетіп қалсам тіл қатпай жаным мені күтесің бе?

Жаным десем сенесің бе, сен жалғызсың сезесің бе?
Соған сеніп сен маған жүрегіңді бересің бе?
Жіпсіз маған байланып жүрегіміз бірігіп,
Мен жыласам жылап тұрып,күле жүрсем күлесің бе?

Өмірім десем сенесің бе, дауа бермей жеңесің бе?
Ешбір жара салмай, мен үшін өмір сүресің бе?
Сен қайғырсаң қайғырып, қуанышыңа қосылып,
Жаным мені дәл өзімдей айтшы ессіз сүйесің бе?

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Жанар Наурызалиева
    1 + 0 -
    Керемет олен
  2. Сырым Зарылханов
    0 + 0 -
    Үйленгім келеді... үй болып
    Жас кәрінің қызығын көріп
    Бірәқ жаспын әлі дегенменен
    Бәрібір үйленгім келеді... көңілменнен
    Бала шаға қызығын көріп кезекпенен
    Кәрілікті өткізсем деймін сүйіктімен
    Ойда бар, көңілімдегі жәй да бар
    Сонда да тапсам екендеймін жақсы жар
    С.Зарылханов
    1. ZHARAR 07.11.2020 15:59
      0 + 0 -
      керемет өлең, сайтқа шығармашылығыңызды жариялай аласыз

Ілмектер: махаббат туралы өлеңдер, махаббат туралы өлең, махаббат туралы өлеңдер қыздарға, махаббат туралы өлеңдер қызға, қыздарға арналған өлең жолдары, махаббат туралы өлең шумақтар, махаббат туралы өлең шумақтары, махаббат туралы өлең жолдары, махаббат жайлы өлең жолдары, махаббат туралы өлең шумақтары, махаббат жайлы өлең шумақтар, махаббат туралы өлең, стихи на казахском языке про любовь, стихи на казахском языке о любви, махаббат жайлы өлеңдер