Мұқағали Мақатаев (Сонымен күндер өтті)
...Сонымен күндер өтті,
Күндер өтті...
Кімдер кеп, кімдер өтті?!
Жонынан майы тамған жомарт - өлім!
Бәрін де қабылдапты, күндемепті.
Күндемепті бәтірің, талғамапты,
(Өмір үшін адамдар қанға батты).
Кеткендердің артында айғыз-айғыз
Біреуден із, біреуден таңба қапты.
Біреулерден із емес, жол қалыпты,
(Өмір жолын олардың оңғарыпты).
Артында тұғыры жоқ пақырлардың
Алдында апандайын ор қалыпты.
Өтті күндер, кетті кім құрағынан,
Ит өлімді еріксіз мұра қылған.
Адамдардың өмірі жаралсашы,
Радийдің өзінің шуағынан
Күндер өтті...
Кімдер кеп, кімдер өтті?!
Жонынан майы тамған жомарт - өлім!
Бәрін де қабылдапты, күндемепті.
Күндемепті бәтірің, талғамапты,
(Өмір үшін адамдар қанға батты).
Кеткендердің артында айғыз-айғыз
Біреуден із, біреуден таңба қапты.
Біреулерден із емес, жол қалыпты,
(Өмір жолын олардың оңғарыпты).
Артында тұғыры жоқ пақырлардың
Алдында апандайын ор қалыпты.
Өтті күндер, кетті кім құрағынан,
Ит өлімді еріксіз мұра қылған.
Адамдардың өмірі жаралсашы,
Радийдің өзінің шуағынан
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Сонымен күндер өтті өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сонымен күндер өтті