Cәбит Мұқанов (Жазғы күні орманда)
Жасыл шөптін, исі мұрын жарады,
Таза ауа исіндірді тамырларды,
Ағаш, шөп, жапырақтар мүлгігендей,
Мың түрлі көркем бояу көздің алды.
Алтын күн ну орманға нұрын септі,
Барлық ағаш иіліп тәжім етті,
Дірілдеген жапырақ арасынан
Көлеңкеге алтынды сәуле өтті.
Карға қарқ, шыпшық шіңк-шіңк, орман ың-жың,
Жақ біткен жаңылмайтын неткен бұл үн!..
Соларға құлақ түрсең, есітсең
Саздарын нешетүрлі тәтті жырдың.
Жерде де құрт-құмырсқа өріп жүрген,
Жәй жүрген жоқ, несібін теріп жүрген,
Бәрі де шат секілді қарап тұрсаң,
Адамдай кемеліне келіп жүрген.
Жаз болды, жаратылыс неткен оңды!
Нені көрсең, көңілге түгел қонды.
«Жарқырап жаз келеді» деген мақал
Біздің елдің осындай жазы болды.
Таза ауа исіндірді тамырларды,
Ағаш, шөп, жапырақтар мүлгігендей,
Мың түрлі көркем бояу көздің алды.
Алтын күн ну орманға нұрын септі,
Барлық ағаш иіліп тәжім етті,
Дірілдеген жапырақ арасынан
Көлеңкеге алтынды сәуле өтті.
Карға қарқ, шыпшық шіңк-шіңк, орман ың-жың,
Жақ біткен жаңылмайтын неткен бұл үн!..
Соларға құлақ түрсең, есітсең
Саздарын нешетүрлі тәтті жырдың.
Жерде де құрт-құмырсқа өріп жүрген,
Жәй жүрген жоқ, несібін теріп жүрген,
Бәрі де шат секілді қарап тұрсаң,
Адамдай кемеліне келіп жүрген.
Жаз болды, жаратылыс неткен оңды!
Нені көрсең, көңілге түгел қонды.
«Жарқырап жаз келеді» деген мақал
Біздің елдің осындай жазы болды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жаз туралы өлең, жаз, сәбит мұқанов өлең Жазғы күні орманда олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке