file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Cәбит Мұқанов (Азалы күнде)

 Cәбит Мұқанов (Азалы күнде)

Күн көзі тұтылғандай түрде болды,
Жел зарлы қайғыланған үнде болды,
Барлығы - жаратылыс басын иіп,
«Біз де ортақпыз» дегендей тілде болды.
Көше үсті желбіреген туға толды,
Жалыны көтерілген буға толды,
Көкіректі қақ жарған мұңды дауыс,
«Ленин, Ленин, Ленин!» деп шуға толды.
Білмеймін неге көзге жасым келді?
Жас келді, ой биледі, басылды енді...
Алдында Ұлы Ұстаздық тәжім қылып,
Иіліп қара жерге басым келді.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру