Cәбит Мұқанов (Майданға хат)
Сағынып сәлем жазамын,
Нүрке-жан бауырым, жиенім!
Алыстан құлаш созамын,
Аймалаймын, сүйемін.
Жүрегімнің, Нүрке-жан,
Атың ыстық қанындай.
Ендеше қалай аңсамай,
Тұрамын қалай сағынбай?
Туғаныңды көргенмін,
Қолымда ержеткенсің.
Оқуға қолдан бергемін,
Әскерге қолдан кеткенсің.
Белостоктан июньнің
Он бесінде жаздың хат:
- Алартады көзін,- деп,-
Минут сайын бізге жат.
Шошынып бұл сөзіңнен,
Оқып едім хатыңды,
Міндетін айқын сезінген
Хатыңнан көрдім батырды.
«Нағашым, бауырым!-депсің сен,
Соқтықса егер бізге жау,
Темір үзем тепсінсем,
Мақсатым жауды талқандау!»
Бұлай деуің Нүрке-жан,
Санаңның ержеткені.
Батыр ғып сені баулыған
Қызыләскер мектебі.
Айтқаның келді, кешікпей
Қанды майдан басталды.
Жынды айуан - фашистер.
Қабуға бізді бассалды.
Қолыңнан жауға атылды
Алғашқы оқтың біреуі,
Сілесін жаудың қатырды,
Жарылды арам жүрегі.
Танктерін таптадың,
Сасық қара қоңыздай.
Дәл тиіп дотқа атқаның -
Қамалы ұшты қауыздай.
Сұңқарларың зулады
Билетпей жауға көк күшін,
Қылдай қырқып турады
Құзғындардың топшысын.
Теңіздерге кемелер,
Жасқанып жаудан тайынбай.
Шортансыған немені
Қылғыды бейне жайындай.
Найза боп жауға қадалды,
Советтің шөбі, ағашы,
Ашып жауға аранды
Тулады Совет даласы.
Тулаған еркін даладан
Жаулар күйрей жығылды,
Аузынан ағып қара қан
Жұтқыншағы жұлынды.
Советтің суы жауларды
Тереңіне батырды,
Бұлттан болат саулады
Нөсердей жауға атылды.
Қанға құмар фашист сұм,
Адамның обыр тажалы,
Жерінде ұлы Советтің
Залымның жетті ажалы.
Теңізге - шөл, қырға - сел
Фашистің қаны кілкіді,
Мұрнын басты аспан, жер
Сасық исі мүңкіді.
Осындай ұлы жорықта,
Белуардан кешіп қан,
Тудырған сені халыққа
Қорған болдың, Нүрке-жан.
Елді, жерді қорғаудан
Артық бақыт бола ма?
Майданға кірмей қан жауған
Жігітке жатып бола ма?
«Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге,
Ту байласаң тұрар ма?
Ту түбінен тұлпар жығылса.'
Шаппаған нәмарт оңар ма?»
«Орай да борай жауған қар»-
Фашистің оғы Отанға,
Советтей елде жазы бар
Жауған қар мұз боп қатар ма?
Күремес пе қопара
Жауған қарды сендей ер!
Жазда ызғар жата ма?
Ерітпей ме ыстық жер?
«Туырлықсыз, тусыз үй»-
Германия емес пе?
Сендей ер оған: «түндік сап
Ту байлаймын» демес пе?
Тонаушыны, тұл үйді
Тұлдырлай отап қумас па?
Тұл үйге Гитлер қан құйды,
Сендей ер оны жумас па?
Күшіңмен сенің шықпас па,
Батқан ел қан сазына?
Алмас па орын нық басып,
Коммунизм жазынан?
Осындай бақыт алдында,
Күтіп тұр сені, Нұрке-жан!
Намысыңды алдырма,
Жауыңды жайпап, кел аман!
Батыр бол, жүрген қатардан
Үстем абырой, мерейі!
Алғыс ал туған Отаннан,
Атанып оның геройы!
Нүрке-жан бауырым, жиенім!
Алыстан құлаш созамын,
Аймалаймын, сүйемін.
Жүрегімнің, Нүрке-жан,
Атың ыстық қанындай.
Ендеше қалай аңсамай,
Тұрамын қалай сағынбай?
Туғаныңды көргенмін,
Қолымда ержеткенсің.
Оқуға қолдан бергемін,
Әскерге қолдан кеткенсің.
Белостоктан июньнің
Он бесінде жаздың хат:
- Алартады көзін,- деп,-
Минут сайын бізге жат.
Шошынып бұл сөзіңнен,
Оқып едім хатыңды,
Міндетін айқын сезінген
Хатыңнан көрдім батырды.
«Нағашым, бауырым!-депсің сен,
Соқтықса егер бізге жау,
Темір үзем тепсінсем,
Мақсатым жауды талқандау!»
Бұлай деуің Нүрке-жан,
Санаңның ержеткені.
Батыр ғып сені баулыған
Қызыләскер мектебі.
Айтқаның келді, кешікпей
Қанды майдан басталды.
Жынды айуан - фашистер.
Қабуға бізді бассалды.
Қолыңнан жауға атылды
Алғашқы оқтың біреуі,
Сілесін жаудың қатырды,
Жарылды арам жүрегі.
Танктерін таптадың,
Сасық қара қоңыздай.
Дәл тиіп дотқа атқаның -
Қамалы ұшты қауыздай.
Сұңқарларың зулады
Билетпей жауға көк күшін,
Қылдай қырқып турады
Құзғындардың топшысын.
Теңіздерге кемелер,
Жасқанып жаудан тайынбай.
Шортансыған немені
Қылғыды бейне жайындай.
Найза боп жауға қадалды,
Советтің шөбі, ағашы,
Ашып жауға аранды
Тулады Совет даласы.
Тулаған еркін даладан
Жаулар күйрей жығылды,
Аузынан ағып қара қан
Жұтқыншағы жұлынды.
Советтің суы жауларды
Тереңіне батырды,
Бұлттан болат саулады
Нөсердей жауға атылды.
Қанға құмар фашист сұм,
Адамның обыр тажалы,
Жерінде ұлы Советтің
Залымның жетті ажалы.
Теңізге - шөл, қырға - сел
Фашистің қаны кілкіді,
Мұрнын басты аспан, жер
Сасық исі мүңкіді.
Осындай ұлы жорықта,
Белуардан кешіп қан,
Тудырған сені халыққа
Қорған болдың, Нүрке-жан.
Елді, жерді қорғаудан
Артық бақыт бола ма?
Майданға кірмей қан жауған
Жігітке жатып бола ма?
«Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге,
Ту байласаң тұрар ма?
Ту түбінен тұлпар жығылса.'
Шаппаған нәмарт оңар ма?»
«Орай да борай жауған қар»-
Фашистің оғы Отанға,
Советтей елде жазы бар
Жауған қар мұз боп қатар ма?
Күремес пе қопара
Жауған қарды сендей ер!
Жазда ызғар жата ма?
Ерітпей ме ыстық жер?
«Туырлықсыз, тусыз үй»-
Германия емес пе?
Сендей ер оған: «түндік сап
Ту байлаймын» демес пе?
Тонаушыны, тұл үйді
Тұлдырлай отап қумас па?
Тұл үйге Гитлер қан құйды,
Сендей ер оны жумас па?
Күшіңмен сенің шықпас па,
Батқан ел қан сазына?
Алмас па орын нық басып,
Коммунизм жазынан?
Осындай бақыт алдында,
Күтіп тұр сені, Нұрке-жан!
Намысыңды алдырма,
Жауыңды жайпап, кел аман!
Батыр бол, жүрген қатардан
Үстем абырой, мерейі!
Алғыс ал туған Отаннан,
Атанып оның геройы!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сәбит мұқанов өлең Майданға хат олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке