Гүл-гүл жайна (Қазақ ауыз әдебиеті)
Гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбала шағыңда.
Өте шығар дүние қас қағымда,
Ойнап, күлген жарасар жас шағыңда-ай.
Орамыңның барында ойна да күл,
Тұра бермес бұл жастық баяғыдай-ай.
Қайырмасы:
Қыздар да қыздар бар жарылмаған қауыздай,
Жігітте де жігіт бар тонның ішкі бауындай.
Ай-хой, гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбала шағыңда 2 рет.
Ай болмаса аспанда - адасады.
Көтермесең көңілді кір басады-ай.
Жақсылардың көңілі алтын сандық,
Кілт болмаса сандықты кім ашады-ай.
Қайырмасы:
Қыздар да қыздар бар жарылмаған қауыздай,
Жігітте де жігіт бар тонның ішкі бауындай.
Ай-хой, гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбала шағыңда 2 рет.
Қыз-бозбала шағыңда.
Өте шығар дүние қас қағымда,
Ойнап, күлген жарасар жас шағыңда-ай.
Орамыңның барында ойна да күл,
Тұра бермес бұл жастық баяғыдай-ай.
Қайырмасы:
Қыздар да қыздар бар жарылмаған қауыздай,
Жігітте де жігіт бар тонның ішкі бауындай.
Ай-хой, гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбала шағыңда 2 рет.
Ай болмаса аспанда - адасады.
Көтермесең көңілді кір басады-ай.
Жақсылардың көңілі алтын сандық,
Кілт болмаса сандықты кім ашады-ай.
Қайырмасы:
Қыздар да қыздар бар жарылмаған қауыздай,
Жігітте де жігіт бар тонның ішкі бауындай.
Ай-хой, гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбала шағыңда 2 рет.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Гүл-гүл жайна өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Гул-гул жайна казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Гүл-гүл жайна