Алқоңыр (Қазақ ауыз әдебиеті)
Еркем-ай, дәнекерсің айнадағы,
Шашақсың жалаулатқан найзадағы.
Жаратқан ақ боз аттай сылаң қағып,
Бейуақыт сейілге шық жайна-дағы.
Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей, бозбала,
Сал осылай.
Жазайын ақ қағазға тізілдіріп,
Қалқаға сөз сөйлейін сызылдырып.
Отырсын ақ отауда мәслихатпен,
Шіркіннің екі көзін сүзілдіріп.
Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей, бозбала,
Сал осылай.
Шашақсың жалаулатқан найзадағы.
Жаратқан ақ боз аттай сылаң қағып,
Бейуақыт сейілге шық жайна-дағы.
Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей, бозбала,
Сал осылай.
Жазайын ақ қағазға тізілдіріп,
Қалқаға сөз сөйлейін сызылдырып.
Отырсын ақ отауда мәслихатпен,
Шіркіннің екі көзін сүзілдіріп.
Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей, бозбала,
Сал осылай.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Алқоңыр өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Алконыр казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Алқоңыр