Әпитөк /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)
Басында биік таудың мұнары бар,
Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк.
Құрбылар, бұл қалай деп сөге көрме,
Ғашықтың тарқамаған құмары бар, әпитөк.
Тіл-хат жоқ,
Ақша маңдай, қаракөз,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Тым болмаса,
Хат пен хабар,
Сөзің жоқ.
Басынан биік таудың мұнар кетпес,
Кей адам уәде берген сертке жетпес, әпитөк.
Кебістің жалаң аяқ басын киіп,
Ей, қалқа, қош дегенің естен кетпес, әпитөк.
Тіл-хат жоқ,
Ақша маңдай, қаракөз,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Тым болмаса,
Хат пен хабар,
Сөзің жоқ.
Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк.
Құрбылар, бұл қалай деп сөге көрме,
Ғашықтың тарқамаған құмары бар, әпитөк.
Тіл-хат жоқ,
Ақша маңдай, қаракөз,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Тым болмаса,
Хат пен хабар,
Сөзің жоқ.
Басынан биік таудың мұнар кетпес,
Кей адам уәде берген сертке жетпес, әпитөк.
Кебістің жалаң аяқ басын киіп,
Ей, қалқа, қош дегенің естен кетпес, әпитөк.
Тіл-хат жоқ,
Ақша маңдай, қаракөз,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Тым болмаса,
Хат пен хабар,
Сөзің жоқ.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Әпитөк /1-нұсқа/ өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Апиток /1-нуска/ казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Әпитөк /1-нұсқа/