Алматы мен Қоғалы-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дүние өтеді тағы да, дүние өтеді, ахоу,
Оймақсыздың қолынан ине өтеді, әләулім-ай.
Күлің барда күнде ойна, мынандайда, ахоу,
Сұм жалғанның түбіне кім жетеді, әләулім-ай.
Алматы мен Қоғалы-ай!
Әркімнің көңілі жоғары-ай!
Аса байлық не керек,
Ден сау болса болғаны-ай.
Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе.
Осы отырған отырыс
Бір ғанибет емес пе-ай!
Қаршыға алған, ендешен, қаршыға алған, ахау,
Қаршыға алған жерімде қамшым қалған, әләулім-ай.
Сізді тапқан анаңа бәрекелді, ахау,
Жауқазынның түбінен аршып алған, әләулім-ай.
Алматы мен Қоғалы-ай!
Әркімнің көңілі жоғары-ай!
Аса байлық не керек,
Ден сау болса болғаны-ай.
Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе.
Осы отырған отырыс
Бір ғанибет емес пе-ай!
Оймақсыздың қолынан ине өтеді, әләулім-ай.
Күлің барда күнде ойна, мынандайда, ахоу,
Сұм жалғанның түбіне кім жетеді, әләулім-ай.
Алматы мен Қоғалы-ай!
Әркімнің көңілі жоғары-ай!
Аса байлық не керек,
Ден сау болса болғаны-ай.
Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе.
Осы отырған отырыс
Бір ғанибет емес пе-ай!
Қаршыға алған, ендешен, қаршыға алған, ахау,
Қаршыға алған жерімде қамшым қалған, әләулім-ай.
Сізді тапқан анаңа бәрекелді, ахау,
Жауқазынның түбінен аршып алған, әләулім-ай.
Алматы мен Қоғалы-ай!
Әркімнің көңілі жоғары-ай!
Аса байлық не керек,
Ден сау болса болғаны-ай.
Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе.
Осы отырған отырыс
Бір ғанибет емес пе-ай!
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Алматы мен Қоғалы-ай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Алматы мен Когалы-ай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Алматы мен Қоғалы-ай