Алтынай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Даусы құрғыр қалыпты тарлан тартып,
Жүрмеген соң көп болды өлең айтып.
Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.
Бір-екі ауыз өлеңді мен айтайын,
Өтіп кеткен бұл дәурен келмес қайтып.
Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.
Ақыр жетіп арманға арымаған,
Аямайды-ау досынан жанын адам.
Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.
Өлең деген немене білгендерге,
Сүйегіме ақындық дарымаған.
Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.
Жүрмеген соң көп болды өлең айтып.
Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.
Бір-екі ауыз өлеңді мен айтайын,
Өтіп кеткен бұл дәурен келмес қайтып.
Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.
Ақыр жетіп арманға арымаған,
Аямайды-ау досынан жанын адам.
Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.
Өлең деген немене білгендерге,
Сүйегіме ақындық дарымаған.
Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.
Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Алтынай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Алтынай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Алтынай