Ақбақай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,
Қыз қайда құдашадай көзі күлген.
Алыстан ат арытып келгенімде,
Шақыртпай еш адамға өзі келген.
Ахау-ау, сәулем-ай,
Өзі келген-ай,
Аха-ха-ау арманай.
Мыс та алтын, жез де алтын, алтын да алтын,
Адамда сөз болмайды айтылмайтын.
Сыртынан жүзін көріп қызыққанмен,
Табылмас нағыз алтын жарқылдайтын.
Ахау-ау, сәулем-ай,
Өзі келген-ай,
Аха-ха-ау арманай.
Қыз қайда құдашадай көзі күлген.
Алыстан ат арытып келгенімде,
Шақыртпай еш адамға өзі келген.
Ахау-ау, сәулем-ай,
Өзі келген-ай,
Аха-ха-ау арманай.
Мыс та алтын, жез де алтын, алтын да алтын,
Адамда сөз болмайды айтылмайтын.
Сыртынан жүзін көріп қызыққанмен,
Табылмас нағыз алтын жарқылдайтын.
Ахау-ау, сәулем-ай,
Өзі келген-ай,
Аха-ха-ау арманай.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Ақбақай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Акбакай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақбақай