Ақ ерке (Қазақ ауыз әдебиеті)
Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда,
Өткір қылыш, жүйрік ат жанға пайда.
Ат сабылтып алыстан келгенімде,
Қарсы алатын құрметтеп сәулем қайда.
Ақ ерке, аман бол сен,
Шыбыным, шыбыным,
Ойналық кел,
Шашбаулым, шашбаулым.
Тәтті сөзің көңілімді кетті басып,
Айта алмадым тар жерде сырымды ашып.
Сен алтынға балаған құрбым едің,
Қоштасайық, кел бермен, құшақтасып.
Ақ ерке, аман бол сен,
Шыбыным, шыбыным,
Ойналық кел,
Сырғалым, сырғалым.
Өткір қылыш, жүйрік ат жанға пайда.
Ат сабылтып алыстан келгенімде,
Қарсы алатын құрметтеп сәулем қайда.
Ақ ерке, аман бол сен,
Шыбыным, шыбыным,
Ойналық кел,
Шашбаулым, шашбаулым.
Тәтті сөзің көңілімді кетті басып,
Айта алмадым тар жерде сырымды ашып.
Сен алтынға балаған құрбым едің,
Қоштасайық, кел бермен, құшақтасып.
Ақ ерке, аман бол сен,
Шыбыным, шыбыным,
Ойналық кел,
Сырғалым, сырғалым.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ак ерке казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақ ерке