Міржақып Дулатұлы (Таршылық халіміз хақында аз мүнәжат)
I
Жас орнына көзімізден қан кетіп,
Қолымыздан ата мирас* заң кетіп.
Хүкім шариғаттың емес қолда,
Ғаділдікпен халық билеген хан кетіп.
Аяқ асты болып қазақ қалды ғой,
Кұр әншейін рухы қалып жан кетіп.
Шаһбазлар басшы болған милләтке
Аяғына қан түсті ғой мән кетіп.
Кім жазалы өзімізден көрмесек,
Төбемізге шығардық қой дәндетіп.
Сүлік болып қазақ қанын шаққан соқ,
Ауызына салмай қайтсін аңдатып.
Әлі де болса ояналық аллалап,
Жалыналық жаратқан хаққа бәнде* етіп.
Мезгілінде қару қылмай қимылдап,
Бұл уақытта тұрмыз енді хәл кетіп.
Жас орнына көзімізден қан кетіп,
Қолымыздан ата мирас* заң кетіп.
Хүкім шариғаттың емес қолда,
Ғаділдікпен халық билеген хан кетіп.
Аяқ асты болып қазақ қалды ғой,
Кұр әншейін рухы қалып жан кетіп.
Шаһбазлар басшы болған милләтке
Аяғына қан түсті ғой мән кетіп.
Кім жазалы өзімізден көрмесек,
Төбемізге шығардық қой дәндетіп.
Сүлік болып қазақ қанын шаққан соқ,
Ауызына салмай қайтсін аңдатып.
Әлі де болса ояналық аллалап,
Жалыналық жаратқан хаққа бәнде* етіп.
Мезгілінде қару қылмай қимылдап,
Бұл уақытта тұрмыз енді хәл кетіп.
II
Ұйқыда жатыр қазақ, көзін ашпай,
Кеттік ғой отқа күйіп өрттен қашпай.
һәр халық айға кетіп жатсадағы
Біздің жұрт шегінеді қадам баспай.
Caxpa, caxpa деп қалдық надан
Үнерлі халықтармен араласпай.
Басқа жұрт алтын, күміс мысалында
Простой біздің қазақ қара тастай.
Барына әркім сараң болып кетті,
Бай малын, өнерпаздар ғылым шашпай.
Қазағым қырық ауызды бола қалар,
Шықса егер файдалы іске біреу бастай.
Иттифак* жүзден бірі етер болса
Бытырап тоқсан тоғыз кетер тастай.
Хұррият* инсаният*, хаққа ниет*,
Тұрмайды осы үшін сөзді мәхкәм ұстай.
Бай, мырза, халық билеген ұлығымыз.
Файдасыз жемісі жоқ қу ағаштай.
Ұйқыда жатыр қазақ, көзін ашпай,
Кеттік ғой отқа күйіп өрттен қашпай.
һәр халық айға кетіп жатсадағы
Біздің жұрт шегінеді қадам баспай.
Caxpa, caxpa деп қалдық надан
Үнерлі халықтармен араласпай.
Басқа жұрт алтын, күміс мысалында
Простой біздің қазақ қара тастай.
Барына әркім сараң болып кетті,
Бай малын, өнерпаздар ғылым шашпай.
Қазағым қырық ауызды бола қалар,
Шықса егер файдалы іске біреу бастай.
Иттифак* жүзден бірі етер болса
Бытырап тоқсан тоғыз кетер тастай.
Хұррият* инсаният*, хаққа ниет*,
Тұрмайды осы үшін сөзді мәхкәм ұстай.
Бай, мырза, халық билеген ұлығымыз.
Файдасыз жемісі жоқ қу ағаштай.
III
Аһ, десе іштен қайнап шығар жалын,
Халықтың кім түзетер мүшкіл* халіні
Далада көшіп қонған сахрауи
Халық еді біздің қазақ баққан малын.
Файдасыз зарарына жұмсаушы еді
Сарф* етіп мал мен мүлік, хәйлә амалын.
Алданып көзі жетпей қалған жоқ па,
Махұрым сыбағадан жай қаларын?
Бихабар алдағы істен ғафил болып,
Қақпаның білмеуші еді құрылғанын.
Жиырманшы ғасырға қарсы тұрған
Шықпаса шаһбазлар бірлі жарым.
Талапты өнер іздеп жастар шығып,
Көңілдің шығармаса хәстәләрін*.
Европа ғылымынан өрнек алып,
Қазақтың қуанамыз жанасқанын.
Мақсұтқа муафиқлы* ғылым тауып,
Тұқымын мәлләтке әкеп шашқай анық,
Тұманда мұнар һауа жол таппаған,
Халықтың жолға салса адасқанын.
Бихабар мағрифаттан саңырау қазақ,
Мәз болып жүргеніне сақтап жанын.
Көзінен қан ағызып қойған жоқ па,
Қазақ ұғлы ұраны алаш барын?
Аһ, десе іштен қайнап шығар жалын,
Халықтың кім түзетер мүшкіл* халіні
Далада көшіп қонған сахрауи
Халық еді біздің қазақ баққан малын.
Файдасыз зарарына жұмсаушы еді
Сарф* етіп мал мен мүлік, хәйлә амалын.
Алданып көзі жетпей қалған жоқ па,
Махұрым сыбағадан жай қаларын?
Бихабар алдағы істен ғафил болып,
Қақпаның білмеуші еді құрылғанын.
Жиырманшы ғасырға қарсы тұрған
Шықпаса шаһбазлар бірлі жарым.
Талапты өнер іздеп жастар шығып,
Көңілдің шығармаса хәстәләрін*.
Европа ғылымынан өрнек алып,
Қазақтың қуанамыз жанасқанын.
Мақсұтқа муафиқлы* ғылым тауып,
Тұқымын мәлләтке әкеп шашқай анық,
Тұманда мұнар һауа жол таппаған,
Халықтың жолға салса адасқанын.
Бихабар мағрифаттан саңырау қазақ,
Мәз болып жүргеніне сақтап жанын.
Көзінен қан ағызып қойған жоқ па,
Қазақ ұғлы ұраны алаш барын?
IV
Қазақтың өз тілінде жоқ матбуғат*,
Жаһиллік* пен жалқаулық көп, жоқ әһмият*.
Дәртке* дәрмән* табиб* қайдан табылар -
Күннен күнге ауырлады мағишат.
Күн көреміз қайда барып алашым?
Білгіштерің хәл мүшкілін қарасын.
Сүйегі жоқ, тіске жұмсақ болған соң
һәр кім жейді біздің қазақ баласын.
Аз емеспіз алты миллион халықпыз,
Әлхәмдулилла надандыққа ғарықпыз*.
Жайымыз жоқ онан басқа мақтанар,
Сахрада дикарь болып қалыппыз.
Біздің жұрттың зәррәдей* жоқ намысы.
Ғайрылардың* өнәрменен жарысы.
Мағрифлі озып кетіп милләтләр
Көз жетпейтін арамыздың алысы.
Надандық шәрбәтіне* мас болдық,
Зарарға дос, файдамызға қас болдық.
Үлкеніміз қадимләкқа 99 жазылып,
Жәдид* деген партияда жас болдық.
Мұнымыз да дұрыс емес ойласақ,
Файдасы жоқ халқымызға қоймасақ.
Өзді өзіміз дұшман болып жүргенде,
Жарар еді басқаға жем болмасақ.
Айтқан сөзді алмайды қазақ тыңдап,
Тұрмас еді білгіштер сөзін бұлдап.
Халық файдасы деп біреу сөйлесе егер,
Ант етсең де нанбастан тарқар шулап.
Кінәні жұртқа аударып ақсынамыз,
һеш нәрсе көрмегенсіп табсынамыз.
Дәреже ісімізде иттифақ жоқ,
Жіберіп ғақыл, назар халық сынаңыз.
Қазақтың өз тілінде жоқ матбуғат*,
Жаһиллік* пен жалқаулық көп, жоқ әһмият*.
Дәртке* дәрмән* табиб* қайдан табылар -
Күннен күнге ауырлады мағишат.
Күн көреміз қайда барып алашым?
Білгіштерің хәл мүшкілін қарасын.
Сүйегі жоқ, тіске жұмсақ болған соң
һәр кім жейді біздің қазақ баласын.
Аз емеспіз алты миллион халықпыз,
Әлхәмдулилла надандыққа ғарықпыз*.
Жайымыз жоқ онан басқа мақтанар,
Сахрада дикарь болып қалыппыз.
Біздің жұрттың зәррәдей* жоқ намысы.
Ғайрылардың* өнәрменен жарысы.
Мағрифлі озып кетіп милләтләр
Көз жетпейтін арамыздың алысы.
Надандық шәрбәтіне* мас болдық,
Зарарға дос, файдамызға қас болдық.
Үлкеніміз қадимләкқа 99 жазылып,
Жәдид* деген партияда жас болдық.
Мұнымыз да дұрыс емес ойласақ,
Файдасы жоқ халқымызға қоймасақ.
Өзді өзіміз дұшман болып жүргенде,
Жарар еді басқаға жем болмасақ.
Айтқан сөзді алмайды қазақ тыңдап,
Тұрмас еді білгіштер сөзін бұлдап.
Халық файдасы деп біреу сөйлесе егер,
Ант етсең де нанбастан тарқар шулап.
Кінәні жұртқа аударып ақсынамыз,
һеш нәрсе көрмегенсіп табсынамыз.
Дәреже ісімізде иттифақ жоқ,
Жіберіп ғақыл, назар халық сынаңыз.
*мүнәжат -жалбарыну, дұғасы
*мирас - мұра
*бәнде-адам
*иттифак -бірлік, одақ
*хұррият -бостандық
*инсаният -адамзат
*хаққа ниет -актыққа, растыққа
*мүшкіл - қиын
*сарф - шығын,жұмсау
*хәстә - ауру,сырқат
*муафиқ -лайық, сәйкес
*Матбуғат -баспасөз
*Жаһиллік -надандық
*Әһмият -маңыз, мән
*Дәртке -құмар, ынтық
*Дәрмен - қуат,жігер
*Табиб -дәрігер, емші
*ғарық - бату,қарық болу
*Зәррә -бүртік, мысқал
*Ғайры - басқа
*мирас - мұра
*бәнде-адам
*иттифак -бірлік, одақ
*хұррият -бостандық
*инсаният -адамзат
*хаққа ниет -актыққа, растыққа
*мүшкіл - қиын
*сарф - шығын,жұмсау
*хәстә - ауру,сырқат
*муафиқ -лайық, сәйкес
*Матбуғат -баспасөз
*Жаһиллік -надандық
*Әһмият -маңыз, мән
*Дәртке -құмар, ынтық
*Дәрмен - қуат,жігер
*Табиб -дәрігер, емші
*ғарық - бату,қарық болу
*Зәррә -бүртік, мысқал
*Ғайры - басқа
V
Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
Ғылым мен мағрифатты керек қылмай
Надандық шәрбәтіне* қаныппыз ғой.
Көп әлі көргеніңнен көрмегені,
Алынбас ілтифатқа көнбегенің.
У беріп бал орнына қамқорыңыз,
Жау болып шыққан жоқ па ел дегенің?
Көрерсің не болғанын сене берсең,
Әр түрлі айтқанына көне берсең.
Соқырдай етегінен мықтап ұстап.
Соңынан «ләббай!» деп ере берсең.
Молла болсаң өсек көп ерген артқа,
Хакім болсаң күңкіл көп және халықта.
Өнерлінің дұшманы көп болады
Сол себепті шықпайды ісі жарыққа.
Ғылым үйрен, ашылсын көзің, жастар,
Тәрбиеле өзіңді өзің, жастар.
Өзің біліп һешкімге айтпай қойма,
Білгеніңді тезірек халыққа шаш, бар.
Сонда тиер файдаңыз аймағыңа,
Кім оқымас рахмет файдалыға.
Әр нәрсенің фарқына* көзің жетсе,
Алдаушының түспесін қармағына.
Білмегеннің зарарын көп көрдің ғой
Аз беретін орынға көп бердің ғой.
Өз малыңды дей алмай өзімдікі,
Қорыққан күні біреуге тек берді ғой.
Сөз асылын таниды фәһимлілар*,-
Ахымаққа айтқаның жайға қалар.
Жұрттың бәрі бірдей деп ойламаймын
Түсінгендер бұл сөзден файдаланар:
Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
Ғылым мен мағрифатты керек қылмай
Надандық шәрбәтіне* қаныппыз ғой.
Көп әлі көргеніңнен көрмегені,
Алынбас ілтифатқа көнбегенің.
У беріп бал орнына қамқорыңыз,
Жау болып шыққан жоқ па ел дегенің?
Көрерсің не болғанын сене берсең,
Әр түрлі айтқанына көне берсең.
Соқырдай етегінен мықтап ұстап.
Соңынан «ләббай!» деп ере берсең.
Молла болсаң өсек көп ерген артқа,
Хакім болсаң күңкіл көп және халықта.
Өнерлінің дұшманы көп болады
Сол себепті шықпайды ісі жарыққа.
Ғылым үйрен, ашылсын көзің, жастар,
Тәрбиеле өзіңді өзің, жастар.
Өзің біліп һешкімге айтпай қойма,
Білгеніңді тезірек халыққа шаш, бар.
Сонда тиер файдаңыз аймағыңа,
Кім оқымас рахмет файдалыға.
Әр нәрсенің фарқына* көзің жетсе,
Алдаушының түспесін қармағына.
Білмегеннің зарарын көп көрдің ғой
Аз беретін орынға көп бердің ғой.
Өз малыңды дей алмай өзімдікі,
Қорыққан күні біреуге тек берді ғой.
Сөз асылын таниды фәһимлілар*,-
Ахымаққа айтқаның жайға қалар.
Жұрттың бәрі бірдей деп ойламаймын
Түсінгендер бұл сөзден файдаланар:
*Шәрбәт -тәтті ішімдік, жүзім шырыны
* фәһим - ес,зерде
* фәһим - ес,зерде
VI
Жұмыс көп біздің жұртта ұнамаған,
Нашар жоқ хорлық көріп жыламаған
Шортандай шабақ жұтқан жалмауыздар'
Тексеріп өз ғайыбын сынамаған.
Аяғын файдалы іске бір баспаған
Ұмтылған өлімтікке бір аш таған.
Түйені түгіменен жұтсадағы
Харамнан нәфсі* тыйып бір қашпаған.
һәр істі деп білеміз құдай қылған,
Жап-жақсы адамдарды бүлай қылған.
Ләқин һәр кімге алла берді ықтияр
Бәнде өзі тапса керек фиғылынан*.
Шықса егәр мыңнан біреу білген болып,
Халықтың файдасына жүрген болып.
Қазақтың һиммәт* еткен жан болмады,
Бұларға жәрдем көмек берген болып
Милләтке қызмет етер өнерпаздар,
Фида етер шыбын жанды шаһбаздар.
Жүр ғой деп біздің үшін мұндай болып
Қадірін біле алмады ғақлы аздар.
Мысалы қара халық үріккен қойдай,
Бақпаса кетуші ме еді қасқыр тоймай?
Дәрмен жоқ қолдан келер талпынғанмен
Хафа боп қайғырады бұларды ойлай.
Тәнін, бар, мысалында жаның жоқ боп,
Сырт бүтін, жанып тұрған ішің шоқ боп.
Алмайтын айтқан тілді сорлы қазақ,
Өз обалың өзіне болсын шоқ, шоқ.
Жұмыс көп біздің жұртта ұнамаған,
Нашар жоқ хорлық көріп жыламаған
Шортандай шабақ жұтқан жалмауыздар'
Тексеріп өз ғайыбын сынамаған.
Аяғын файдалы іске бір баспаған
Ұмтылған өлімтікке бір аш таған.
Түйені түгіменен жұтсадағы
Харамнан нәфсі* тыйып бір қашпаған.
һәр істі деп білеміз құдай қылған,
Жап-жақсы адамдарды бүлай қылған.
Ләқин һәр кімге алла берді ықтияр
Бәнде өзі тапса керек фиғылынан*.
Шықса егәр мыңнан біреу білген болып,
Халықтың файдасына жүрген болып.
Қазақтың һиммәт* еткен жан болмады,
Бұларға жәрдем көмек берген болып
Милләтке қызмет етер өнерпаздар,
Фида етер шыбын жанды шаһбаздар.
Жүр ғой деп біздің үшін мұндай болып
Қадірін біле алмады ғақлы аздар.
Мысалы қара халық үріккен қойдай,
Бақпаса кетуші ме еді қасқыр тоймай?
Дәрмен жоқ қолдан келер талпынғанмен
Хафа боп қайғырады бұларды ойлай.
Тәнін, бар, мысалында жаның жоқ боп,
Сырт бүтін, жанып тұрған ішің шоқ боп.
Алмайтын айтқан тілді сорлы қазақ,
Өз обалың өзіне болсын шоқ, шоқ.
*нәфсі -жомарттық, нарлық
*фиғыл -ниет, ындын
*фиғыл -ниет, ындын
VII
Бозбала, өнер, ғылым үйренбедің,
Ел кезіп, өсек айтып сүйреңдедің.
Әр қайсың хал кадәрше талаптансаң
Сендерге мен нахақтан бүйдер ме дім?!
Атаңа дәулет бітсе бұлғақтадың,
Хисапсыз сөздер сөйлеп ыржақтадың.
Мәз болып мырза деген қошеметке
Буынып мықыныңнан ырғақтадың.
Бояумен сырладыңыз сырттарыңды,
Керіліп сипадыңыз мұрттарынды.
Қарасам ішіңді ашып дене дәнеме жоқ,
He десін надан демей жұрт бәріңді.
Малға кедей болғаның жетілерсің,
Ғылымға кедей болғаның өкінерсің.
Хазірде құлағыңа кірмесе де
Файдасын ахырында бір білерсің.
Тағы бар кедей болса бір мінезі,
Бұдағы өз қырсығын білгізеді.
Қылды деп кедей қылса мені хұдай,
Фәтуа* мойындамай жүргізеді.
Ерте жатып, кеш тұрып керіледі,
Кәсіп қып мал табуға ерінеді.
Ертеңгісін ойламай хұдай ұрған,
Қайғы жоқ, ішпей, жемей семіреді.
Жер жыртып онандағы егін салса,
Өзіне аз олжа ма жері қалса?
Артығын сатып қант, шай мен киіміне
Қатын, бала асырарлық жемін алса.
Және қыс мал жейтұғын шөбін шапса*
Онан соң басқа ретпен файда тапса.
Хәрәкәттән* бәрәкәт* көрінген соң
Болмай ма ант ұрғанға бәрі де ақша.
Ене ме бұл айтқаным құлағыңа?
Бізге айтқан ғақыл ғой деп ұнады ма?
Хор болып желге кетсен, хайран сезім
Өкінбе жетпедім деп мұратқа*.
Бозбала, өнер, ғылым үйренбедің,
Ел кезіп, өсек айтып сүйреңдедің.
Әр қайсың хал кадәрше талаптансаң
Сендерге мен нахақтан бүйдер ме дім?!
Атаңа дәулет бітсе бұлғақтадың,
Хисапсыз сөздер сөйлеп ыржақтадың.
Мәз болып мырза деген қошеметке
Буынып мықыныңнан ырғақтадың.
Бояумен сырладыңыз сырттарыңды,
Керіліп сипадыңыз мұрттарынды.
Қарасам ішіңді ашып дене дәнеме жоқ,
He десін надан демей жұрт бәріңді.
Малға кедей болғаның жетілерсің,
Ғылымға кедей болғаның өкінерсің.
Хазірде құлағыңа кірмесе де
Файдасын ахырында бір білерсің.
Тағы бар кедей болса бір мінезі,
Бұдағы өз қырсығын білгізеді.
Қылды деп кедей қылса мені хұдай,
Фәтуа* мойындамай жүргізеді.
Ерте жатып, кеш тұрып керіледі,
Кәсіп қып мал табуға ерінеді.
Ертеңгісін ойламай хұдай ұрған,
Қайғы жоқ, ішпей, жемей семіреді.
Жер жыртып онандағы егін салса,
Өзіне аз олжа ма жері қалса?
Артығын сатып қант, шай мен киіміне
Қатын, бала асырарлық жемін алса.
Және қыс мал жейтұғын шөбін шапса*
Онан соң басқа ретпен файда тапса.
Хәрәкәттән* бәрәкәт* көрінген соң
Болмай ма ант ұрғанға бәрі де ақша.
Ене ме бұл айтқаным құлағыңа?
Бізге айтқан ғақыл ғой деп ұнады ма?
Хор болып желге кетсен, хайран сезім
Өкінбе жетпедім деп мұратқа*.
*фәтуа - шешім,келісім
*хәрәкәт - іс,қимыл
*бәрәкәт -молшылық
*мұрат - асылмақсат, арман
*хәрәкәт - іс,қимыл
*бәрәкәт -молшылық
*мұрат - асылмақсат, арман
VIII
Дариға, жігіт қайда өнер тапқан.
Жан қиып қызмет етіп халыққа жаққан.
Ғайрат пен қырық кез жерден су шығарып,
Рахымет ізгі дұға алса халықтан.
өнерін халыққа сатып бұлданбаса,
Білгенсіп аз нәрсені сұмданбаса.
Халыққа хақ көңілден айт насихат
He хайлә қала берсін тыңдалмаса.
Жігітті топқа салсаң әбден баптап,
Бойында өнер болса тұрмас тоқтап.
Жабыдан туған болса мәстек болып,
Жерінде бас көтермей қалар оттап.
Үйренсін балаларың өнер ғылым,
Өткізбей ойын ойнап бекер күнін.
Жатқанға жан жоламас дегендейін
Көрдің ғой замананың міне түрін.
Жыламай жас балаға емшек бермес,
Әр хәжет ізденбесең өзі келмес.
«Алма піс, аузыма түс», - дегенге
Халқым-ау, илансаңыз ешкім көнбес.
Патшаға көндір айтар рижаиміз*,
Берілсе бәрі тегіс біз ризамыз.
Ғаділдік назаратын* жібермесе,
Жұтаған хайуан кібік* қырыламыз.
Күн бар ма хиянаттан құтыларға?
Тең ұстап, бізді ұлық тұтынар ма?
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап,
Зорлықты бұрын көрген ұмытарға.
Дариға, жігіт қайда өнер тапқан.
Жан қиып қызмет етіп халыққа жаққан.
Ғайрат пен қырық кез жерден су шығарып,
Рахымет ізгі дұға алса халықтан.
өнерін халыққа сатып бұлданбаса,
Білгенсіп аз нәрсені сұмданбаса.
Халыққа хақ көңілден айт насихат
He хайлә қала берсін тыңдалмаса.
Жігітті топқа салсаң әбден баптап,
Бойында өнер болса тұрмас тоқтап.
Жабыдан туған болса мәстек болып,
Жерінде бас көтермей қалар оттап.
Үйренсін балаларың өнер ғылым,
Өткізбей ойын ойнап бекер күнін.
Жатқанға жан жоламас дегендейін
Көрдің ғой замананың міне түрін.
Жыламай жас балаға емшек бермес,
Әр хәжет ізденбесең өзі келмес.
«Алма піс, аузыма түс», - дегенге
Халқым-ау, илансаңыз ешкім көнбес.
Патшаға көндір айтар рижаиміз*,
Берілсе бәрі тегіс біз ризамыз.
Ғаділдік назаратын* жібермесе,
Жұтаған хайуан кібік* қырыламыз.
Күн бар ма хиянаттан құтыларға?
Тең ұстап, бізді ұлық тұтынар ма?
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап,
Зорлықты бұрын көрген ұмытарға.
*рижай - өтініш
*назарат -басқарма
*кібік-секілді
*назарат -басқарма
*кібік-секілді
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: міржақып дулатов Таршылық халіміз хақында аз мүнәжат өлеңі олен стихи миржакып дулатов, міржақып дулатұлы өлеңдері, миржакып дулатов олени, мыржакып дулатов стихи на казахском языке, мыржакып дулатов стихи, на казахском языке мыржакып дулатов стихи на казахском языке, стихи мыржакыпа дулатова на казахском языке, міржақып дулатов өлеңдер жинағы, міржақып дулатовтың өлеңдер жинағы