Мағжан Жұмабаев (Сорлы қазақ)
Сорлы қазақ жан алқымға тығылып,
Қара күн кеп, тіккен туы жығылып,
Алға баспай, біткен ісі кер кетіп,
Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп;
Оқу-білім жақындатпай, жолатпай,
Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай,
Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр,
Қанды жаспен екі көзін шылатпай.
Қозғал, қазақ, білімге жүгір, кез келді,
Қылышын алып, «надандық» саған көздеңді.
Шетке лақтыр, тұмақтай алып, тұра кеп,
Ертеңді-кеш басыңа мініп өзгеңді!
Кітап әпер, оқысын балаң, қолына,
Малды аяма оқу-білім жолына.
Өнер алып, басқалармен қатар бол,
Жер жүзі бір адамзаттың ұлына!
Байғұс қазақ бас көтеріп, тұрар ма?
Көңілі түсіп, білім мойнын бұрар ма?
Күні туып оң жағынан, солдан - Ай,
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма?
Қара күн кеп, тіккен туы жығылып,
Алға баспай, біткен ісі кер кетіп,
Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп;
Оқу-білім жақындатпай, жолатпай,
Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай,
Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр,
Қанды жаспен екі көзін шылатпай.
Қозғал, қазақ, білімге жүгір, кез келді,
Қылышын алып, «надандық» саған көздеңді.
Шетке лақтыр, тұмақтай алып, тұра кеп,
Ертеңді-кеш басыңа мініп өзгеңді!
Кітап әпер, оқысын балаң, қолына,
Малды аяма оқу-білім жолына.
Өнер алып, басқалармен қатар бол,
Жер жүзі бір адамзаттың ұлына!
Байғұс қазақ бас көтеріп, тұрар ма?
Көңілі түсіп, білім мойнын бұрар ма?
Күні туып оң жағынан, солдан - Ай,
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: магжан жумабаев Сорлы қазақ өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Сорлы қазақ