Мұқағали Мақатаев (Пенделік)
Арылайын десем де пенделіктен,
Арылатын болмадым - ол неліктен?
Жүгіріп те көрдім ғой, жығылып та,
Ұрынып та жүрмін ғой, бұғынып та.
Жаныма өгей жасанды қылығымен
Жағынып та көрдім ғой, жұғынып та...
Жауыма да жатсың деп айта алмадым,
Бала қаздай алдында байпандадым.
Талай-талай сөзімнің әкесі өліп,
Талай сөздің кезегін қайтармадым.
Жақсылық та етпедім адамға көп,
Жамандығын айтпадым жаманға кеп.
Пенделіктің іргесін қалай бердім,
Капелімде құлатып алам ба деп.
Ашу да айтып көрмедім, басу да айтып,
Ақиқатын, шындығын жасырмайтын.
Ақыл сұрар адамды таба алмадым
Пенделіктің алдында бас ұрмайтын.
Арылатын болмадым - ол неліктен?
Жүгіріп те көрдім ғой, жығылып та,
Ұрынып та жүрмін ғой, бұғынып та.
Жаныма өгей жасанды қылығымен
Жағынып та көрдім ғой, жұғынып та...
Жауыма да жатсың деп айта алмадым,
Бала қаздай алдында байпандадым.
Талай-талай сөзімнің әкесі өліп,
Талай сөздің кезегін қайтармадым.
Жақсылық та етпедім адамға көп,
Жамандығын айтпадым жаманға кеп.
Пенделіктің іргесін қалай бердім,
Капелімде құлатып алам ба деп.
Ашу да айтып көрмедім, басу да айтып,
Ақиқатын, шындығын жасырмайтын.
Ақыл сұрар адамды таба алмадым
Пенделіктің алдында бас ұрмайтын.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Пенделік мукагали макатаев олен өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы