Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анық асық – әулие...)
![Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анық асық – әулие...)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2015-12/1451379040_e262643baf800f2b57374e71395e39601.jpg)
Анық асық – әулие,
Кереметке сол ие.
Жаны құрбан жарына,
Керексiз өзге дүние.
Жарынан бөлек жаны жоқ,
Табатын басқа жары жоқ.
Асықтан аяп қалатын
Иманы, малы, ары жоқ.
Жарының жаны – жандары,
Жалынға жанбас тәндерi.
Дозақтың отын өшiрер,
Жүректен аққан қандары.
Шын қасиет соларда
Дегенiм күнә болар ма.
Құбылма мiнез, тайғақ ой,
Екi сөз болмас оларда.
Тасбиық, сәлде, жайнамаз,
Тастамасаң қыс пен жаз,
Жүрегiң болса тайғақ саз –
Сопысынып қылма наз.
Кереметке сол ие.
Жаны құрбан жарына,
Керексiз өзге дүние.
Жарынан бөлек жаны жоқ,
Табатын басқа жары жоқ.
Асықтан аяп қалатын
Иманы, малы, ары жоқ.
Жарының жаны – жандары,
Жалынға жанбас тәндерi.
Дозақтың отын өшiрер,
Жүректен аққан қандары.
Шын қасиет соларда
Дегенiм күнә болар ма.
Құбылма мiнез, тайғақ ой,
Екi сөз болмас оларда.
Тасбиық, сәлде, жайнамаз,
Тастамасаң қыс пен жаз,
Жүрегiң болса тайғақ саз –
Сопысынып қылма наз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шакарим кудайбергенов Анық асық – әулие... олен өлең, шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке, шакарим кудайбердиев стихи на казахском, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем, шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шакарима кудайбердиева