Шәкәрім Құдайбердіұлы (Атаның шаһуатының көп қой мәні...)
Атаның шаhуатының көп қой мәнi,
Ананың құрсағында қан болғаны.
Құс пен адам болар деп кiм айта алар,
Өлi қан мен жаны жоқ жұмыртқаны?
Басында оның киiмi шаhуат едi,
Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигенi әнi!
Денесi неше миллион құбылса да,
Оның жаны – баяғы ескi жаны.
Сезiмiнiң зорайып, азаймағы –
Қандай түрде болғаннан оның тәнi.
Қайда барса, ол өзiн «өзiм» дейдi,
«Өзiм» деп денесi емес, жанды айтқаны.
Сол жаннан тiптi «өзiмдiк» жоғалмайды,
Есеп емес, сан өлiп, сан қайтқаны.
Ананың құрсағында қан болғаны.
Құс пен адам болар деп кiм айта алар,
Өлi қан мен жаны жоқ жұмыртқаны?
Басында оның киiмi шаhуат едi,
Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигенi әнi!
Денесi неше миллион құбылса да,
Оның жаны – баяғы ескi жаны.
Сезiмiнiң зорайып, азаймағы –
Қандай түрде болғаннан оның тәнi.
Қайда барса, ол өзiн «өзiм» дейдi,
«Өзiм» деп денесi емес, жанды айтқаны.
Сол жаннан тiптi «өзiмдiк» жоғалмайды,
Есеп емес, сан өлiп, сан қайтқаны.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері Атаның шаһуатының көп қой мәні..., шәкәрім құдайбердіұлы өлеңі Жастық туралы, шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке, шакарим кудайбердиев стихи на казахском, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем, шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шакарима кудайбердиева