Ілияс Жансүгіров (Қонақтар мен қожайын)

 Ілияс Жансүгіров (Қонақтар мен қожайын)

БІРІНШІ ҚОНАҚ- ҚҰДАЙЫ ҚОНАҚ
Қожайын:
− Алыңыз қонақ, алыңыз,
Сойғанымыз қартаңдау.
Қонақ:
− Бәсе, мом - мом...
Солай ғой,
Тарамыстау, қатаңдау...
Қожайын:
− Құданың жері қуаң боп,
Оңалмапты жануар.
Қылыш сырты қазысы,
Солқылдақтау жалы бар.
Қонақ:
− Қалыңға бұрын жүруші еді
Он қойға мұндай кәрі бие.
Ендігі мынау заманда,
Енді осының бәсі не?
Қожайын:
− Үкіметшілдеу құдамыз,
Өткізді маған түйе үшін.
Кім біледі, түбі не болар...
Жақтырмайды үй ішім.

II
ЕКІНШІ ҚОНАҚ- МИЛИЦИОНЕР
Қожайын:
− Алыңыз, жолдас, алыңыз,
Сойғанымыз қартаңдау.
Қонақ:
− Бәсе, мом - мом...
Солай ғой,
Тарамыстау, қатаңдау.
Қожайын:
− Жеріміз биыл қуаң боп,
Оңалмады жануар.
Қылыш сырты қазысы,
Солқылдақтау жалы бар.
Қонақ:
− Қалыңға бұрын өтуші еді,
Он қойға мұндай кәрі бие.
Ендігі осы заманда,
Енді осының бәсі не?
Қожайын:
− Ендігі бәсін кім білсін,
Қолтумам еді жануар.
Үкімет деп отырмыз,
Қалды ғой, балам, қалыңмал...
Қонақ:
− Қатты, қатпа кәрі екен
Алсаңыз да, түйе үшін,
Әдейі кеп отырмын
Сіздің осы бие үшін.
Қожайын:
− Оны сізге кім айтты?
Жаздым ба қонақасы ма?
Мұсылман қайыры басына
Жетер деген осы да.
Милиционер қонақ:
− Қалыңмалды қосшыға,
Деді үкімет, - бақыла.
Қосшы айтты, мен келдім
Кеңсаларға шақыра.
Қожайын:
− Құдай ұрды, қатын - ау,
Құдайы қонақ қосшы екен.
Жишы әрі! Жүрек лоблыды,
Тұздығы тым ащы екен

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру