Фариза Оңғарсынова (Қоштасу)
Қыз Жібектің соңғы сөзі
Қайран дүние, кең едің маған,
сен неге бүгін тар болдың?
Қасірет шегіп, кешегі мөлдір күлкіме де мен
зар болдым.
Аңсаумен жүрген асқар тауым менің құлады,
құрғады мәңгі сылдырап аққан бұлағы.
Сұңқарым едің, Төлеген, қияға қанат сермеген,
мен Атыраудың ақ маралы болғанда,
сен қырағы мерген ең.
Қос қанатым менің қапылыста қалды-ау қиылып,
орыныңды немен теңгерем?!
Жанарыңа көзім түскенде, мен қорғасын болып
балқыдым,
ақ денемді өрт қылып, от-жалыныңмен
шарпыдың.
Асқақтай басып бас имеуші едім, жігіт біткенді
дал қылып,
ақыры мынау адыра қалған көркімнің
құрбаны болдым, алтыным!
Мен Атыраудың көлеңкеде өскен гүлі едім,
сен нұр-шапақ құйып алаулап түрған күн едің!
Қапыда мерт боп, түңғиыққа сен құладың.
Қатыгез тағдыр, қырықтың бүгін Жібектің
қыршын тілегін.
Дарқан дүние, қызығыңды маған қимадың,
несіне бердің сорыма біткен хор қызының мынау
дидарын?
Мен өмірдің ләззатын сүйген балауса нәзік гүл
едім,
қимайтының бар, семсерді неге сыйладың?!
Айналайын Ақжайық!
Сұлулық тұнған ақ төсіңнен сенің
ақ маржан болып жаралдым,
аққуың болып тарандым.
Сен ерке толқындарыңның күмістей үнін маған
ұсындың,
бар сұлулықты енші етіп, қияларға мені
ұшырдың!
Мен осынау елімнің
мәпелеген мақтанышымын.
Айдыныңды сенің айна қып әркез
ақша бетімді қараушы ем,
сен Атыраудың ақ еркесі болғанда,
мен - жағалауыңда жайқалып өскен балауса ем.
Туған жердің төсінде сарқылмас махаббатындай
сылдырап аққан бұлағым,
мақтаныш едің маған сен.
Арманымдай менің мөлдірсің өзің қашаннан,
мен жұрт айтып жүрген хор қызы
сынды болсам да,
сұлулығыңнан сенің аса алман.
Әділетсіз мынау дүниеден енді алаулап күйіп
барамын
тұңғиығыңды құшсам, жанымның өртін басар ма?!
Қартаюды білмес толқындар сенде жасайды-ау,
шіркін, мәңгілік!
Жібектің зарын болашақтарға жеткізгейсіңдер
ән қылып.
Қош, елім, қош бол, қазақтың байтақ өлкесі,
қиянат қысқан заманнан мынау мен кетіп барам
сор кешіп.
Ақжайықтай асыл анамның төсін құшайын,
Төлеген сүйген денемді менің қалмасын
қара жер тесіп.
Қош!

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Қоштасу өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Қоштасу